Филиалды таңдаңыз:
30.09.2022
2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық болып табылады. enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – «Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, нақты кезеңдегі ахуал бойынша инвестициялық қызметке шолулар жарияланады. Қазіргі уақытта ақпарат 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жаңартылды.
Көрсетілген есептерге сәйкес, 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 14,0 трлн теңге болды. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 965,12 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,13 млрд теңгеге жетті.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2022 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:
- БЖЗҚ ЗА портфеліндегі негізгі үлесті ағымдағы құны 6 235,81 млрд.теңгені құрайтын ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ алады. Олардың портфельдегі үлесі 44,65%. 2022 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 11,3%, АҚШ долларында – жылына 3,4% болды.
- ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының ағымдағы құны 1 714,32 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 12,28%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,9%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.
- ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 924,19 млрд теңге (6,62%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,5%.
- шетелдік банктердің мемлекеттік бағалы қағаздары 704,12 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 5,04%. Қаралып отырған кезеңде валюталық портфельдің кірістілігін қолдау мақсатында орташа алынған кірістілігі жылына 2,67% және өтеу мерзімі 1,8 айдан 2 айға дейінгі жалпы сомасы 500,89 млрд.теңгеге шетелдік банктерде номиналданған салымдарға орналастырылды.
- халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 378,85 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 2,71%. Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,47% болды.
Бұдан басқа, инвестициялық портфель құрылымында ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 276,25 млрд теңге (портфельдегі үлесі 1,98%), РЕПО 250,09 (1,79%), ҚР ЕДБ-дағы депозиттер 201,23 млрд теңге (1,44%), шет мемлекеттердің МБҚ 140,80 (1,01%), ҚРҰБ депозиттері 31,20 млрд теңге (0,22%), ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары 15,04 млрд теңге (0,11%), PPN 11,49 млрд теңге (0,08%), шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары 6,36 млрд теңге (0,05%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 5,30 млрд теңге (0,04%) және өзге активтер 21,42 млрд теңге (0,15%) бар. Айта кетейік, активтерді индекстік басқаруда 3 050,76 млрд теңге (портфельдегі үлесі 21,85%), оның ішінде құрылымда дамыған елдердің МБҚ, дамушы елдердің МБҚ және сыртқы басқарудағы активтер бар.
Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель былайша берілген:
ұлттық валютадағы инвестициялар – 69,34%, АҚШ долларында – 30,59%, басқа валютада-зейнетақы активтері портфелінің 0,07% құрады.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2022 жылдың басынан бастап 718,05 млрд.теңгені құрады.
Геосаяси ахуалдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі, инфляцияның жеделдеуі, сондай-ақ дамыған және дамушы елдердің облигациялары бойынша кірістіліктің өсуі аясында 2022 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,18% болды.
Бұл ретте 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айда (2021 жылғы қыркүйектен бастап 2022 жылғы тамызға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,58% - ды құрады. Зейнетақы активтерін шоғырландыру аяқталған 2014 жылғы сәуір айынан бастап 2022 жылғы тамыз айының соңына дейінгі кезеңде жинақталған кірістілік 113,16% -ды құрады. 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі 8 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі жылына 9,68% - ға жетті.
Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – көрсеткіш бере алмайды, себебі нарықтық конъюнктураның үнемі өзгеріп отыруына байланысты.
Эмитенттерді көрсете отырып, ҚР ҰБ басқаруымен қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік бар. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
Басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі 9,13 млрд теңге.
"Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,09 млрд теңгені құрады. Оларға мыналар сатып алынды: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары, олар 30,95%-ды, ҚРҰБ ноттары (портфельдің 22,11%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (17,34%), РЕПО (портфельдің 17,16%), инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат (12,44%). Айта кетейік, портфельдің 63,96% - ы теңгемен, 36,046%-ы АҚШ долларымен берілген.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде «Jusan Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 1,49% болды.
«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 қыркүйегіне 2,58 млрд теңгені құрады. Қоржын құрылымында кері Репо (90 күнтізбелік күннен артық емес) 51,73%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 15,07% , ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 9,53%, шоттардағы ақшалай қаражат - 8,85%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 5,68%, МҚҰ 4,71%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары 4,45% болды.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 78,26%, АҚШ долларында - 21,74% құрады. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы 01.01.2022 ж. бастап 01.09.2022 ж. дейін 0,11,19% құрады.
«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
«BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 1,49 млрд теңгені құрады. Олар ҚР Мемлекеттік облигацияларына 43,04%, пайларға (ETF индекстерге) 20,92%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 9,64%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 8,61%, МҚҰ облигациялары 6,16%, ҚР ЕДБ облигациялары 5,38%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары 5,10%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 1,04%, өзге активтер (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) 0,11%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 70,16% – ы, АҚШ долларында 29,84% - ы инвестицияланған.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде «BCC Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың басынан бері 0,82% құрады.
«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 0,97 млрд теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға 53,89%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 19,39%, РЕПО 16,17%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 8,73%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 1,82% инвестицияланды. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 81,95%–ы, АҚШ долларында 18,05% - ы инвестицияланған.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың басынан бері 2,07% құрады.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.
Тақырып бойынша бейнетүсіндірме – сілтеме бойынша.