"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

31.10.2022

Зейнетақы жинақтарының инвестициялануы туралы барлық ақпарат - enpf.kz сайтында

2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

 

enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы ай сайынғы егжей-тегжейлі есебі, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар орналастырылған.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 14,1 трлн теңгеден асты. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 095,38 млрд теңге. Ал ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,06 млрд теңге.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі.

2022 жылдың 1 қазанына ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде БЖЗҚ ЗА портфеліндегі айтарлықтай үлесті (шамамен 46%) қор нарығындағы ең сенімді құралдар ретінде ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ алады. Олардың ағымдағы құны 6 477,39 млрд. теңге. 2022 жылдың қыркүйегінде портфельге орташа алғанда жылына 14,36% кірістілікке ие ҚР Қаржы министрлігінің 195,1 млрд теңге көлеміндегі МБҚ сатып алынды. Жалпы, ҚР Қаржы министрлігінің теңгемен номиналданған МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілігі жылына 11,6% болса, АҚШ долларымен жылына 3,4% құрады.

ҚР Қаржы министрлігінің облигацияларымен қатар БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері квазимемлекеттік компаниялардың (1 725,87 млрд теңге – портфельдің 12,24%), екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ облигациялары – 929,12 млрд теңге немесе портфельдің 6,59%; ЕДБ депозиттері – 197,09 млрд теңге, 1,4%), халықаралық қаржы ұйымдарының (382,32 млрд теңге, 2,71%) бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына инвестицияланады.

Сыртқы нарықта БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау индекстік негізде жүзеге асырылады. БЖЗҚ инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық портфельді стратегиялық бөлу жаһандық акциялар, дамыған және дамушы нарықтардың облигациялары, инвестициялық деңгейдегі эмитенттердің корпоративтік облигациялары сияқты активтердің негізгі шетелдік сыныптарына инвестициялауды көздейді.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде инвестициялық портфель былайша ұсынылған:

ұлттық валютадағы инвестициялар – 70,17%, АҚШ долларында – 29,75%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,08%.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2022 жылдың басынан бастап 741,96 млрд.теңге. 2022 жылғы 9 айдағы кірістілік - 5,34%, соңғы 12 айда ҚР Ұлттық Банкі қамтамасыз еткен зейнетақы активтері бойынша кірістілік (2021 жылғы қазаннан 2022 жылғы қыркүйекке дейін) 7,52% болды. 5 жыл ішіндегі жинақталған инфляция - 53,7%, ал зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі - 55,8%.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттерінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген жарналар мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

Басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі 9,06 млрд теңге.

"Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,045 млрд теңге. Оларға мыналар сатып алынды: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары, олар 29,74%, ҚРҰБ ноттары (портфельдің 30,01%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (17,61%). Портфельдің 9,65% РЕПО-да, 12,98% шоттардағы ақшалай қаражатта. Айта кетейік, портфельдің 65,01% теңгемен, 34,99% АҚШ долларымен берілген.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде «Jusan Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 0,64%, 12 айда 4,83% болды.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 қазанына 2,58 млрд теңге. Қоржын құрылымында кері Репо (90 күнтізбелік күннен артық емес) 50,11%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 13,29%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 12,95% , шоттардағы ақшалай қаражат – 7,51%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 5,73%, МҚҰ 4,75%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары 4,49%, басқа да активтер болды.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 79,13%, АҚШ долларында – 20,87% құрады. «Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 01.01.2022 ж. бастап 01.10.2022 ж. дейін 1,16%, 12 айда 4,5% болды.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

«BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1,46 млрд теңге. Олар ҚР Мемлекеттік облигацияларына 44,06%, пайларға (ETF индекстерге) 19,72%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 9,84%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 8,23%, МҚҰ облигациялары 5,89%, ҚР ЕДБ облигациялары 5,51%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары 5,23%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 1,42%, өзге активтер (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) 0,1%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 71,65% , АҚШ долларында 28,35% инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде «BCC Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың басынан бері (-0,38%), 12 айда - 3,31% құрады.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша «Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 0,97 млрд теңге. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға 54,43%, РЕПО – 14,04%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 12,66%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,88%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 8,29%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 1,7%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 80,25%, АҚШ долларында 19,75% инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың басынан бері 2,06%, 12 айда 4,74% құрады.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.


Просмотров 4418

Тізімге оралу