Филиалды таңдаңыз:
14.11.2022
Міне, осымен алтыншы жыл қатарынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, БЖЗҚ қызметтері, зейнетақы жүйесі және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызмет нәтижелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің қарқынды курсын өткізіп келеді.
Қор сарапшылары екі күн бойы 24 қараша қазақ және 25 қараша орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізеді. Айта кетейік, курс бағдарламасында қатысушыларға түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:
- Қазақстанның зейнетақы жүйесі және «БЖЗҚ» АҚ қызметі;
- демографиялық трендтер және жинақтаушы құрамдауыштың қажеттілігі;
- зейнетақы заңнамасындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану және зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға (ИПБ) аударуға қатысты өзгерістер;
- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша өзгерістер;
- ЕАЭО елдерін зейнетақымен қамсыздандыру;
- БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтері.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп. ҚРҰБ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі модуль таныстырылады.
Коронавирус індетіне байланысты биылғы жылы іс-шара, өткен жылғыдай, ыңғайлы онлайн форматта өткізіледі.
Қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет. Онда ТАӘ, басылымның немесе университеттің атауы, қатысу күні және ватсап қосымшасы бар телефон нөмірі (шақыру-сілтеме жіберу үшін) сияқты жеке деректеріңіз көрсетілуі тиіс.
Шақыру-сілтеме Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.