Филиалды таңдаңыз:
18.11.2022
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің «БЖЗҚ» АҚ-ға ақпаратты ұсынбағаны үшін 100 АЕК мөлшерінде салынған айыппұлға қатысты хабарламасы бойынша БАҚ-та таратылған ақпаратқа қатысты төмендегіні хабарлаймыз.
2022 жылдың тамыз айында монополияға қарсы орган БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы аударымдары туралы мәліметтерді қамтитын сұранысын жолдады.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының құпиясына кепілдік беретіндіктен, Қор Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне бұл ақпаратты беруден бас тартатыны туралы жауап жолдады.
БЖЗҚ-ның ақпаратты беруден бас тартқандығы туралы жауапты алғаннан кейін монополияға қарсы орган БЖЗҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. «БЖЗҚ» АҚ-ның өтініші бойынша іс Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына (Сот) берілді.
2022 жылғы 11 қарашада Сот «БЖЗҚ» АҚ-ға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы Қаулысын шығарды.
Алайда «БЖЗҚ» АҚ Соттың бұл Қаулысын алған жоқ және ол заңды күшіне енген жоқ.
Соттың Қаулысын алғаннан кейін «БЖЗҚ» АҚ өзінің ол бойынша жоғары тұрған сот сатысына шағымдану құқығын заңнамада белгіленген мерзімді сақтай отырып, шағым арыз беруге ниетті.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, БЖЗҚ-ны әкімшілік айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау ерте және дәл қазір ол шындыққа сәйкес келмейді.