"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

23.06.2023

«БЖЗҚ» АҚ телефон арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткендігі туралы ескертеді

"БЖЗҚ" АҚ қазақстандықтарды телефон арқылы алаяқтық жасап, азаматтардың дербес деректерін иемдену әрекеттерінің жиілеп кеткендігі туралы ескертеді.

Елімізде телефон арқылы алаяқтық әрекет жасайтындардың белсенділігі өршіп барады. Олар өздерін Қор қызметкері ретінде таныстырып, транзиттік шоттағы "зейнетақы жинақтарының заңсыз аударылу жолын кесу" сылтауымен азаматтарды SMS-хабарлама арқылы түскен кодты жария етуге көндіреді. Осылайша «"БЖЗҚ" АҚ қызметкерімін» деген желеумен қоңырау шалатындар азаматтардың банк карталарынан ақша қаражатын ұрлау мақсатындағы заңсыз алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады. Әдетте қоңырау түскен абоненттік нөмірлерді олардың нақты иелері пайдаланбайды және өзге тұлғаларға қайта сатылады.

Естеріңізге сала кетейік, алаяқтар ел-жұрттың төлем карталарынан ақша ұрлаудың жаңа тәсілдерін үнемі ойластырып отырады. Ондайлар әлемнің кез-келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбінесе ғаламтор желісінен табады. Мысалы, ақысыз хабарландыру сайттарында, қажетті адамның аты мен әлеуметтік жағдайын әлеуметтік желілердегі түрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біледі.

«БЖЗҚ» АҚ азаматтарға:

· алаяқтардың телефон арқылы жүргізетін «нұсқаулықтарына» мән бермей, әңгімені дереу тоқтату;

· өзінің жеке деректерін, SMS-хабарлама арқылы түскен құпиясөзді, төлем картасының деректемелерін, кодтар мен кодты сөздерін ешкімге хабарламау;

· дербес деректерін белгісіз және тексерілмеген сайттарға, сондай-ақ, басқа да күмәнді дереккөздеріне сеніп тапсырмау;

· ақпарат алу үшін үшінші тұлғаларға хабарласпау және оны тек enpf.kz ресми сайтында немесе Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тексеру

керек екенін қатаң ескертеді.

Айта кетейік, "БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері ешқашан төлем карталарының деректемелерін, SMS хабарламамен түскен растау кодтарын, Жеке кабинеттің құпиясөзін және т.б. туралы мәлімет беруді талап етпейді. Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және БЖЗҚ-да мерзімсіз уақыт бойына сақталады. Қазақстандық зейнетақы жүйесі төлемдерге құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген жарналар мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.

 Жеке зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) Жеке кабинетте немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) бақылауға болады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты кеңестерді БЖЗҚ бөлімшелерінде немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көп арналы тегін байланыс арқылы, сондай-ақ, БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілер бойынша ресми парақшаларында, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы қашықтықтан алуға да болады.   

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" қызметі арқылы кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған.


Просмотров 3507

Тізімге оралу