Филиалды таңдаңыз:
19.04.2019
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтері бойынша 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында есептелген инвестициялық табысқа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына байланысты былайша түсініктеме береді.
2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:
- бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыстар 102,21 млрд теңге;
- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (12,30) млрд теңге;
- шетелдік валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (68,24) млрд теңге;
- басқа да шығындар 3,75 млрд теңгені құрады.
Осылайша зейнетақы активтері бойынша 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 25,42 млрд теңге болды.
Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны аралығында (өткен 12 ай ішінде) 11 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті.
Инвестициялық қызмет туралы тиянақты есеп-қисап www.enpf.kz сайтында орналастырылған. Бұл есеп-қисапта салымшылардың зейнетақы жинақтарының қандай шарттар бойынша қандай қаржы құралдарына инвестицияланатындығы, сондай-ақ инвестициялық қызметтің нәтижелері көрсетілген.