Филиалды таңдаңыз:
30.04.2019
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы «БЖЗҚ» АҚ-ның жылжымайтын мүлкін сату бойынша аукцион жариялайды, нысандар тізбесі, бастапқы құны, кепілдік жарна мөлшері мен адым шамасы (1-қосымшада) көрсетілген.
Аукцион 2019 жылғы «14» мамыр күні сағат 10:00-де ағылшынша әдіс бойынша ашық тәсілмен Алматы қаласы, Назарбаев көшесі, 223-үй, 247-тұрғын емес үй-жайы бойынша мекенжайда өткізіледі.
Аукционға қатысу туралы өтінімдер Алматы қаласы, Назарбаев көшесі, 223-үй, 247-тұрғын емес үй-жайы, 404-бөлме мекенжайына 2019 жылдың «13» мамыры сағат 17:00-ге дейін тапсырылады.
Кепілдік жарна төлеу мерзімі: 2019 жылғы «13» мамыр сағат 17:00 дейін (төлем тапсырмасының көшірмесі ұсынылады).
Әлеуетті сатып алушыға қойылатын талаптар:
Аукционға қатысуға ниеті бар адамдар, аукцион өткізу басталғанға дейінгі мерзім ішінде аукцион комиссиясының қарауына мына құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) аукционға қатысу туралы белгіленген нысандағы өтінім (2-қосымша);
2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі. Заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының (жарғы және заңды тұлғаның тіркелгені туралы куәлік немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы анықтама) және салық төлеушінің тіркелгені туралы растама ұсынады;
3) егер аукционға қатысуға ниеті бар адамдар өз өкілдері арқылы әрекет еткен жағдайда, өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;
4) кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжатын ұсынады.
Қажет болған жағдайда, акуциондық комиссия аукционға қатысуға ниетті адамдардан басқа да құжаттар сұратуға құқылы.
Сатып алу – сату шартының жобасы (3-қосымша) .
Толық ақпаратты мына телефондар бойынша ала аласыз: 8 (727) 331-66-99 (ішкі 5148)
8 (7172) 56-32-60 (ішкі 71770)