"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
22.08.2019
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ күн сайын өз салымшылары үшін қызметтерді жақсартуды жалғастыруда. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді қолданушыларға ыңғайлы болу үшін біздің әзірлеушілер Viber (8-777-000-1418 телефон нөмірі бойынша), Facebook және ВКонтакте желілеріне чат-ботты енгізді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мұндай қызметті тек WhatsApp мессенджері арқылы алуға болатын еді. Чат-бот сізге "БЖЗҚ" АҚ бөлімшелерінің мекен-жайларын білуге, қор ұсынатын қызметтер туралы толық ақпарат алуға немесе тікелей оператормен қосылуға және зейнетақы төлемдерін рәсімдеу туралы толық ақпарат алуға көмектеседі.