Филиалды таңдаңыз:
02.09.2019
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен алтыншы рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін мемлекеттік тілде қарқынды оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар».
Мектептің мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 249 (Ғ. Жұбанова көш. бұрышы).
Оқыту курсын өткізу уақыты:
2019 жылдың 12 қыркүйегінде – сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін орыс тілінде,
2019 жылдың 13 қыркүйегінде – сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін қазақ тілінде.
Журналистика мектебі – бұл сертификаттаушы бағдарлама. Ол мерзімді басылымдар, радио, телеарналар және онлайн тәртібінде бұқаралық ақпарат құралдарына сапалы журналистік материалдар дайындау үшін негізгі құралдармен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Сонымен қатар бұл өзара білім және тәжірибе алмасуға, БЖЗҚ мамандарынан тікелей ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірегей тұғырнама.
Мектепті өткізудегі мақсат:
- Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша журналистердің біліктілігін арттыру;
- талдамалы контент жасау үшін зейнетақы жүйесі бойынша құзырет пен кәсіби білімді тереңдету;
- білім алуға, өзара тәжірибе алмасуға, сонымен қатар журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері және БЖЗҚ өкілдерінің кәсіби тұрғыда бірлесе әрекет жасауына мүмкіндік беру.
Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады: зейнетақы жүйесінің модельдері, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызмет, «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмысы.
БЖЗҚ басшылығы мен мамандары ашық ақпарат көздеріндегі ақпараттармен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік кеңестер береді, күрделі қаржылық көрсеткіштер мен статистикалық деректерді түсінуге көмектеседі, Қор сайтындағы зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақыны жоспарлау және төлемдерді болжамдау бойынша ақыл-кеңес береді және зейнетақы жүйесінің дамуы жайында әңгімелейді.
Оқыту курсының соңында қатысушылар алған білімдерін қорытындылау үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша Kahoot интерактивтік ойынына қатысады.
Мектепке қатысу үшін журналистер, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері өтінімдерін 2019 жылдың 09 қыркүйегіне дейін press@enpf.kz электрондық поштасына жіберулері тиіс.
Қатысушы өтінімінде: