Филиалды таңдаңыз:
15.11.2019
«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа толған (ерлер – 63 жас және одан жоғары, әйелдер 59 жас және одан жоғары) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар азаматтарға Қордан зейнетақы төлемдерін алу қажеттілігін хабарлайды.
БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері алушы өтініш берген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанша жүзеге асырылады. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, оның жұмыс кестесін ескере отырып, кез келген ыңғайлы уақытта жүгіну керектігін еске саламыз. Бұл ретте өтінішті зейнеткерлік жасқа толуға 10 күн қалғанда беруге болады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына мына төмендегі өзгерістердің енгізіліп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгендігін хабарлаймыз:
1) әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2) БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинақтар есебінен зейнетақы төлемдері:
БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға SMS, электрондық пошта, пуш-хабарлама, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ-тың пошталық хабарламасы арқылы тұрақты негізде ақпарат беру жұмыстарын жүргізіп келеді.
БЖЗҚ зейнеткерлік жасқа толған және Қорда зейнетақы жинақтары бар, бірақ күні бүгінге дейін оларды қандай да бір себептермен алмаған адамдарға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімшесіне жүгіну қажеттігін тағы да ескертеді.