Филиалды таңдаңыз:
20.11.2019
Құрметті журналистер, блогерлер және журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері!
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылдың 05 және 06 желтоқсанында қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында Өскемен қаласында «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар» тақырыбы бойынша қарқынды оқыту курсын өткізеді.
«БЖЗҚ» АҚ – жинақтаушы зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер және Қор жұмысы туралы кең көлемді ақпарат беруге мүдделі.
Қаржы мектебінің курсына қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша дәрістерге, шеберлік сыныптарына, таныстырылымдарға және тәжірибелік сабақтарға қатысады.
Курс барысында тыңдаушылар БЖЗҚ басшылығына және департамент директорларына сұрақ қойып, зейнетақы жинақтарын қалыптастыру бойынша толыққанды жауаптар ала алады.
Қаржы журналистикасы мектебіне қатысушылардың барлығына сертификаттар табыс етіледі.
Мектептің мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55-ші үй, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №5-ші корпусы.
Оқыту курсын өткізу уақыты:
2019 жылдың 05 желтоқсанында – сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін орыс тілінде,
2019 жылдың 06 желтоқсанында – сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін қазақ тілінде.
Мектепке қатысу бойынша өтінімдер 2019 жылдың 02 желтоқсанына дейін press@enpf.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.