Филиалды таңдаңыз:
29.11.2019
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша алғашқы бақылау аудитінен сәтті өтті. Осылайша бұған дейін алған сапа менеджменті жүйесі сертификатын растады.
Халықаралық стандартқа сәйкестік Қордың сапа менеджменті жүйесінің клиентке бағдарланғандығын көрсетеді. Ал бұл салымшылар мен алушылардың үміті мен қажеттілігі қанағаттандырылып, Қор үрдістерінің тиімді басқарылып, зейнетақы қызметтерінің сапасы артып жатқандығын білдіреді. Осылайша БЖЗҚ өзінің сапа менеджменті жүйесін жетілдіріп, салымшыларының мүдделері үшін жұмыс істеп жатқандығын тағы да растады.
Аудитті CERT Academy Kazakhstan ЖШС жетекші аудиторлары жүргізді. Бұл ұйым менеджмент жүйесі мен қызметкерлер құрамын сертификаттау бойынша алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының ресми серіктесі.
Аудит «БЖЗҚ» АҚ Орталық аппаратының тоғыз құрылымдық бөлімі мен Қордың Алматы қаласындағы филиалының екі бөлімшесінде өтті. Сыртқы аудиторлардың жүргізген тексеруі барысында мынадай жағымды жәйттер атап өтілді:
Қор басшылығы мен қызметкерлері сапа менеджменті жүйесін қолдау және жетілдіру үдерісіне белсене қатысуда.
Қызметкерлердің біліктілігі жоғары, ал ол - дағдылар мен көпжылдық тәжірибеге және дайындыққа негізделген.
Қордың инфрақұрылымын тұрақты қолдау және жақсартуға деген талпыныс жоғары. IT- технологиялар қолданылып және дамытылып жатыр.
Өтініштер, кері байланыс, салымшылар мен алушылардың ризашылығы және шағымдарын талдаудың белсенді механизмі жүзеге асырылады. Бұл ретте заманауи бағалау әдістері қолданылады.
Қордың Алматы қаласындағы филиалы бөлімшелерінің қызметкерлері салымшылар мен алушыларға сауатты қызмет көрсетеді.
Тәуекелдерді басқару жұмысы жақсы жолға қойылған.
Осылайша «БЖЗҚ» АҚ өзінің менеджмент жүйесін жетілдіріп, салымшылар мен алушылардың мүдделері үшін жұмыс істеп жатқандығын тағы да растады.