Филиалды таңдаңыз:
05.02.2020
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылдың алдын ала қорытындысын шығаруда. Қазіргі уақытта аудит және Қордың қаржылық есептілігін тәуелсіз аудиторлық компания тарапынан растау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайдың қазірдің өзінде Қордың штаттық құрамына қатысты мынадай деректерді келтіруге болады.
2019 жылы қызметкерлер құрамы 1981 адамнан 1740 адамға (12,2 пайызға) дейін қысқартылды. Ал үш жыл ішінде, яғни 2017 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта 25 пайызға немесе 567 адамға азайтылды. Соның нәтижесінде еңбекақы төлеу шығындары 2016 жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға төмендеді.
Айта кетелік, БЖЗҚ штаттық құрам мен еңбекақы төлеу қорын елеулі түрде қысқартуға бизнес-үдерістерді оңтайландыру, автоматтандыру және электрондық қызметтерге өту (қызметтердің 80 пайыздан астамы электрондық үлгіде көрсетіледі), операциялық бөлімшелерді қысқарту және қызметкерлердің тиімділігін арттыру арқасында қол жеткізілді. Бұл үрдіс цифрлық қызметтердің одан әрі дамуын ескере отырып, әрі қарай жалғасатын болады.