Филиалды таңдаңыз:
10.03.2020
2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы 1,09 миллион теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 11 пайыз. Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1,2 млн теңге (2019 жылмен салыстырғанда өсім – 10 пайыз), ал әйелдерде – 949 мың теңге (өсім – 12 пайыз).
Салымшылардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы – 509 мың теңге (өсім – 17 пайыз), ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 48,5 мың теңге. Айта кетелік, бұл барлық салымшылардың – еңбек жолын жаңадан бастап, зейнетақы жарналарын Қорға енді аудара бастаған және жарналарды жиырма жылдан астам уақыттан бері аударып келе жатқандардың шоттарынан алынған сандар.
Биыл жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 22 жыл толды. Бірақ қазірдің өзінде аралық қорытынды жасауға болады. 1998 жылдан 2020 жылдың басына дейін зейнетақы жарналарын тұрақты аударып келген салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 5,3 млн теңгені құрады.