"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

13.03.2020

БЖЗҚ салымшыларының көпшілігі неліктен интернет-ақпарат тәсілін таңдайды?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілдерін ұсынады. Ақпараттандырудың ең танымал тәсілдері – электрондық тәсілдер, яғни:

электрондық пошта арқылы, БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжайға;

электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен паролін, оның ішінде ұялы қосымшаны пайдалана отырып, жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.

2020 жылдың 1 наурызына дейін соңғы тәсілді жеке зейнетақы шоттарының 5,6 миллионнан астам иегері пайдаланды. Бұл тәсілдің артықшылығы, ең алдымен, жылдамдық пен ыңғайлылық, яғни өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Басқа тәсілдерден ерекшелігі, оның көмегімен сіз кез келген уақытта және кез келген жерде өз шотыңызды тексере аласыз. Өзіңіздің гаджеттеріңіз арқылы сіз жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме алып, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және т.б. көптеген мәліметтерді көре аласыз.

БЖЗҚ ұялы сервис ретінде қосымшаны ғана дамытып қоймай, мессенджерлерге де түрлі функцияларды белсенді түрде енгізуде. Танымал Telegram мессенджерінде шағын үзінді көшірме алуға, жеке кабинеттің құпия сөзін қалпына келтіріп, БЖЗҚ-ның өзекті жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткіштерімен танысуға, сондай-ақ Қордың жақын жердегі бөлімшесін табуға болады.

850 мыңнан астам салымшы (алушы) ақпараттандыру тәсілі ретінде электрондық поштаны таңдады. Бұл да ыңғайлы тәсіл.

Айта кету керек, қалалар мен облыстар бөлінісінде ақпарат алудың электрондық тәсілі Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Қарағанды және Түркістан облыстарында кеңінен тараған.

Интернеттің жылдам дамуына қарамастан БЖЗҚ филиалдарына өзі келіп өтініш білдіру тәсілі де танымалдығын жалғастыруда. Қазіргі уақытта – бұл танымалдығы жағынан ақпараттандырудың екінші тәсілі. Жеке зейнетақы шоттарының 1 980 240 иегері дәл осы нұсқаны таңдады.

БЖЗҚ-дан ақпаратты пошта қызметінің көмегімен алатын азаматтардың саны бірте-бірте азайып келеді. Ақпарат берудің мұндай тәсілінің мерзімділігі – жылына бір рет (!) және бүгінгі күнде бұл әдісті 1,3 млн. салымшы таңдады. Ақпарат алу мақсатында көрсетілген мекен-жай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорға хабарлау қажет екенін еске саламыз. Егер мұны жасамасаңыз, онда БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты одан әрі жібермеуге құқығы бар.


Просмотров 3620

Тізімге оралу