Филиалды таңдаңыз:
22.04.2020
Зейнетақы активтерін басқару туралы толық есеп enpf.kz сайтында орналастырылған
Зейнетақы активтерінің кірістілігі оң сипатқа ие
2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері жыл басынан бері 881 млрд. теңгеге артып, 11 679,12 млрд.теңгеге жетті. БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырған 2013 жылдың қыркүйегінен[1] бастап осы күнге дейінгі кезеңде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы инвестициялық кіріс шамамен 30% немесе 3,9 трлн теңгені құрады.
Зейнетақы активтерінің портфелін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет туралы толық ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Инвестициялық қызмет бөліміне орналастырылған
https://www.enpf.kzhttp://www.enpf.kz/upload/medialibrary/cac/cac8a59c170ca11c1466feb8d72b7adc.pdf
БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың наурызына дейін) зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,4% мөлшеріндегі инфляция кезінде 11,87% құрады. Яғни соңғы 12 айда БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылығы оң болып, 5,5% -ды көрсетті.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2020 жылдың басынан бастап 667,73 млрд. теңгені құрады.
Есептелген инвестициялық кіріс құрылымы мынадай:
- бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде «Кері РЕПО» орналастырылған салымдар мен операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 183,19 млрд теңге;
- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер (шығыстар) (18,49) млрд теңге;
- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер (шығыстар) 523,19 млрд теңге;
- өзге активтерді қайта бағалаудан түскен кірістер (ТҚҚ) (80,07) млрд теңге;
- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер (шығыстар) 59,78 млрд теңге;
- өзге кірістер 0,13 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюта бөлінісіндегі қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:
ұлттық валютадағы инвестициялар – 63,99%, АҚШ долларында – 32,08 %, басқа валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің 3,93%.
Наурыз айында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 381-ден 448 теңгеге дейін нығайғаны байқалды. Сәйкесінше, валюталық құралдарға инвестицияланған зейнетақы активтерін жағымды валюталық қайта бағалау зейнетақы активтерінің өсуін қамтамасыз етті.
БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері портфеліндегі ең үлкен үлесті (36,73%) инвестициялаудың тұрақты және кірісті құралы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары алады. Зейнетақы активтері портфеліндегі МБҚ-ның ағымдағы құны жыл басынан бері 9,30% - ға ұлғайып, 4 289,30 млрд. теңгені құрады. Есепті күнге ҚР МБҚ бойынша теңгемен номиналданып, өтеуге алынған орташа кірістілік жылына 8% , АҚШ долларымен – жылына 4,4% көрсетті.
Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 2020 жылдың 1 сәуіріне зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің 14,86% құрады. Бұл құралдардың ағымдағы құны 1 735,38 млрд теңге. Есепті күнге ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге алынған орташа кірістілік жылына – 10,5%, АҚШ долларымен жылына – 5,0%.
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктердің қаржы құралдары былайша берілген: портфельдің 10,13% - ы орташа алынған кірістілігі жылына ұлттық валютада 10,0% , АҚШ долларында 6,4% құрайтын облигацияларға орналастырылған; орташа алынған кірістілігі теңгемен жылына 9,1% құрайтын депозиттердің үлесі 2,15%.
Сенімгерлік басқарудағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелін құрылымдық бөлу БЖЗҚ Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келеді. Зейнетақы жинақтарының инвестицияларын түрлі валюталардағы сенімді қаржы құралдарына әртараптандыру валюталық және нарықтық қайта бағалау тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте зейнетақы активтерін инвестициялау ұзақ уақыт аралығында (бір жылдан және одан көп) жүзеге асырылатындықтан, олардың кірістілігі де ұзақ мерзімді перспективада бағалануы керек.
[1] зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару кезінде төленген инвестициялық табысты ескере отырып