Филиалды таңдаңыз:
25.06.2020
Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 20 млрд теңгеден астам, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 134 млн теңгені құрады.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша заңды тұлғалар 385 млрд. теңгеден астам, жеке тұлғалардан – 21 млрд. теңге, ал бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден 2 млрд. теңге аударылды.
Өзінің жеке зейнетақы шоттарын биыл кем дегенде бір рет (2020 жылғы қаңтар – мамыр) толтырған белсенді салымшылардың жалпы саны 8,3 млн. адамнан асты. Бұл 2019 жылғы белсенді салымшылардың санынан 1,2 есе көп, ол кезде бұл көрсеткіш 6,6 млн. адам болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1 миллион бірлікке артты. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса, 1 маусымда 11,6 миллионға (11 682 546) жетті. ЖЗШ ең көп ашылған ай сәуір болды, бұл айда 954 952 шот ашылды, екінші орынды мамыр айы иеленді – 52 530, одан әрі ақпан – 30 455 жаңа ЖЗШ.
Мамыр айында өткен аймен салыстырғанда БЖТ бойынша аударылған жарналар үлесінің төмендеуі байқалды. Сәуір айында 3 миллионнан астам жарна төленді, мамыр айында БЖТ бойынша жарналар саны 317 573 бірлікті құрады. БЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген, сондай-ақ жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбайтын, салық агенттеріне қызмет көрсетпейтін және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін басқа жеке тұлғаларға сатумен айналысып жүрген (жылдық табысы 1175 АЕК-тен аспауы тиіс) жеке тұлғаларға арналған. БЖТ зейнетақы төлемін алуға және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін алуға; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға; еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босануға, бала асырап алуға, 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.