Филиалды таңдаңыз:
27.07.2020
2020 жылдың алғашқы алты айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 226 573 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 82,2 миллиард теңгеге 1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 30,2 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,2 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 16,8 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 13,7 млрд теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 1,4 млрд теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 805 млн теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 535 теңгені құрап, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.