"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.07.2020

2014 жылы өткізілген зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін қайта бағалау бойынша түсініктемелер

БЖЗҚ 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы мен Үкіметтің шешімі бойынша құрылды. Бұрын қызмет жасаған барлық жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) зейнетақы активтері мен міндеттемелерін шоғырландыру нәтижесінде 2014 жылғы 1 сәуірге БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны шарттардың барлық түрлері бойынша шамамен 9,7 млн бірлікті, зейнетақы жинақтарының сомасы – 3,9 трлн теңгені құрады. БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ-ларға әрбір салымшының (алушының) зейнетақы жинақтары (жарналар мен инвестициялық табысты ескере отырып) оларды БЖЗҚ-ға өткізуші ЖЗҚ-да қалыптастырылған мөлшерінде дәл есепке алынды.

БЖЗҚ құру және барлық зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-ға біріктіру салымшылардың (алушылардың) бірыңғай базасын қалыптастыруға, комиссиялық шығыстарды едәуір төмендетуге, сондай-ақ жеке ЖЗҚ портфельдеріндегі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаратын жалпы инвестициялық портфельге көшкен қаржы құралдарының сапасына тәуелсіз баға беруге мүмкіндік берді.

БЖЗҚ-ға берілген қаржы құралдарының арасында эмитенттері өз міндеттемелерін орындамауға (дефолт) жол берген бағалы қағаздар, сондай-ақ нарықтық бағасы жоқ (нарықта сауда-саттық жүргізілмеген) бағалы қағаздар болды. Нәтижесінде әртүрлі ЖЗҚ портфельдеріндегі осындай қаржы құралдарының бағасы әртүрлі болды, яғни Қорлар бірдей бағалы қағаздарды әртүрлі бағамен есептеген.

Зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде Ұлттық банктің алдында 2014 жылы инвестициялық портфельді сауықтыру, алынған «уытты» активтердің әсерін азайту, портфельдің сапасын, оның тиімділігі мен кіріс алу қабілетін арттыру міндеті тұрды. Зейнетақы активтеріне тәуелсіз бағалау жүргізу үшін KPMG аудиторлық компаниясы («КПМГ Такс энд Эдвайзори») тартылды, ол инвестициялық портфельге кіретін қаржы құралдарының әділ құнын анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Жүргізілген қайта бағалау қорытындысы бойынша қаржы құралдарының құны 2,2%-ға (немесе 90 млрд теңгеден астам сомаға) төмендеді. Бағалау нәтижелері, негізінен, инвестициялық портфельдегі өтімді емес бағалы қағаздардың құнына әсер етті. Бұл ретте өзгерістер салымшылар мен алушылар жарналарының сомасына әсерін тигізбеді. Қайта бағалау тек 2014 жылдың басынан бастап алынған инвестициялық кіріс сомасы есебінен жүргізілді. Осы кездегі зейнетақы активтерінің табыстылығы 4,65% - ды құрады.

БЖЗҚ 2014 жылдан бастап дефолтқа жол берген және өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмаған эмитенттердің қарыздарын қайтарумен айналысады. Зейнетақы активтерін беру кезеңінде мұндай эмитенттердің саны 32 болды және олардың берешегі 161 млрд теңгеден астам сома болды. 2020 жылдың 1 шілдесіне салымшыларға 22 эмитенттің қарыздары бойынша 52,3 млрд теңгені қайтару жұмыстары жалғасуда.

            2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы 12 трлн теңгеге жуықтады. Зейнетақы активтерін Ұлттық Банктің басқаруы кезеңінде инвестициялық кіріс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің 30% - дан астамын (немесе 3,8 трлн теңгені) құрады. Зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі 2014 жылдан бастап 2020 жылғы 1 шілдеге дейін 78% болды, осы кезеңдегі жинақталған инфляция 64% көрсеткішке ие. Осылайша, Ұлттық Банктің сенімді басқарушы ретінде қамтамасыз еткен нақты кірістілігі 14% - ды құрады.


Просмотров 3433

Тізімге оралу