"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

03.08.2020

Қазақстан әлемнің үздік зейнетақы жүйесі бар жиырма елінің қатарына енді

Сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі немістің ең ірі сақтандыру компаниясы Allianz зейнетақы жүйесінің сапасы мен ұлттық зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы туралы есеп дайындады. Allianz Global Pension Report есебінде зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығының алғышарттары, демография және 70 елдің өзара сәйкес келетін зейнетақы төлемдері қолданылды (2020 жылғы наурыздағы мәліметтер).

Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан үздік жиырмалыққа еніп, 3,48 көрсеткішпен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері арасында көшбасшы атанды. Бұрынғы КСРО елдерінен Қазақстанның алдында 13-ші орынға ие болған Латвия ғана тұр. Эстония мен Литва сәйкесінше 25 және 27 орындарда орналасқан. Ресей рейтингте 33-ші, ал Украина 56-шы орынға жайғасты.

Швецияның зейнетақы жүйесі ең үздік атанып, 2,91 балл жинады, одан кейін Бельгия - 2,92, Дания - 2,96, Жаңа Зеландия – 3,00, ал АҚШ-тың зейнетақы жүйесі 3,04 ұпаймен үздік бестікті құрады. Сондай-ақ, ондыққа Австралия, Нидерланды, Норвегия, Болгария және Канада енді. 70 елден құралған тізімді Шри-Ланка, БАӘ және Ливан елдері түйіндеді.

Allianz компаниясы өзінің Allianz (API) зейнетақы индексін қолданды, ол жан-жақты талдауға негізделген. Индекс үш шағын топтан тұрады және 1–ден 7 балға дейінгі шкала бойынша бағаланатын 30 түрлі өлшемді қамтиды, мұндағы 1- ең жақсы баға. Шағын топтар бойынша барлық сараланған аралық қорытындыларды жинақтай отырып, API талдауға енген 70 елдің әрқайсысын 1-ден 7 баллға дейін бағалап, тиісті зейнетақы жүйесі туралы жан-жақты түсінік алуға мүмкіндік береді. 

Бірінші шағын топ демографиялық үрдістер мен қаржылық мүмкіндіктер мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда, зейнетақыға жұмсалатын мемлекеттік шығындар, халықтың қартаюы және т. б..

Екіншісі зейнетақы жүйесінің жалпы тұрақтылығына қатысты. Екінші шағын топтың ерекшелігі – осы көрсеткіштер бойынша көшбасшылыққа жақында зейнетақы жасын ұлғайтқан және бюджетке түсетін жүктемені азайтқан Индонезия мен Болгария елдері шықты. Бірақ екінші топтың төменгі сатыларында Сауд Арабиясы, Шри-Ланка және Малайзия елдері жайғасқан, бұл елдердегі зейнетке шығу жасы әлі де 60 және одан төмен, басқа демографиялық факторлар жоқ.

Үшінші шағын топ зейнетақы жүйесінің адам қартайғанда лайықты өмір сүру деңгейін қаншалықты қамтамасыз ете алатындығын бағалайды. Мұнда Австрия, Италия, Жаңа Зеландия және Нидерланды сияқты жоғары зейнетақы төлемдері бар елдер көш бастап тұр. Бұл шағын топтың төменгі бөлігінде Нигерия мен Лаос сияқты дамушы елдер орналасқан.

Allianz компаниясының бас экономисі Людовик Субран атап өткендей, қазір зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне басқа заманауи сын-қатерлерге қарағанда азырақ көңіл бөлінеді.

- Covid-19 коронавирустық инфекциясы басталғанға дейін біз аса үлкен мәселе – климаттың өзгеруіне тап болдық. Біз қазір осы және басқа да күрделі мәселелердің шешімін табуымыз керек. Бірақ тағы бір назар аударуды талап ететін мәселе туындап отыр, оны да талқылап, оң шешімін табу керек. Сонымен демографиялық өзгерістер ескеріліп, бүгінгі зейнеткерлерге бағытталған саясат  тікелей және ауыспалы мағынада есептесуге тура келетін жас ұрпақтың мүдделеріне сәйкес келмейді. Біз бүкіл әлем бойынша жасаған зейнетақы жүйесінің талдаулары мен рейтингтері зейнетақы саясатының дұрыс құрылымы, мемлекет пен зейнетақы қорларының (мемлекеттік және жеке) рөлі туралы қоғамдық пікірталастарды жандандыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Қазірде бүкіл қоғам жаппай Covid-19 тақырыбына алаңдап отырғанымен, зейнетақы саясаты – аса маңызды мәселе. Індетпен күрес жүргіземіз деп оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Бүкіл әлем бойынша зейнетақы жүйесінің үлкен дағдарысы жақындап келеді және бұл мәселені бүгін шешу қажет, - дейді Людовик Субран.

Өкінішке орай, жақын арада әлемнің барлық елдері зейнетақымен қамсыздандыру тауқыметіне тап болады, өйткені, 30 жылдан кейін 2050 жылы әлемдегі зейнеткерлік жастағы адамдардың саны 1,5 миллиардтан асады. Демографиялық жағдайдағы күрт өзгеріс зейнеткерлердің демографиялық жүктемесінің жаһандық коэффициентінің жоғарылауымен дәл сипатталады: 2050 жылға дейін ол 1950 жылдан бастап соңғы 70 жылға қарағанда 25-77%-ға тезірек өседі. Көптеген дамушы елдерде осы көрсеткіш алдағы үш онжылдықта екі еседен астам артады, бұл Еуропа мен Солтүстік Америкада осындай дамуға қол жеткізген уақыттың жартысынан аз бөлігі. Ең жарқын мысал – Қытай, онда демографиялық жүктеменің бұл көрсеткіші 17%-дан 44%-ға дейін артады. Алайда  дамыған елдер үшін алаңдаушылықтың негізгі себебі – бұл көрсеткіштің абсолютті деңгейі, мысалы, батыс Еуропада ол 51% жетеді.

Биыл зейнетақы жүйелеріне тағы бір қиындық туындады, ол – әлемнің барлық дерлік елдерінің экономикасына қатты соққы боп тиген коронавирус індеті (Covid-19). Қор нарықтарындағы баға белгілеудің, қуат тасығыштарға баға мен пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі зейнетақы активтерінің, сондай-ақ азаматтардың жеке жинақтарының азаюына әсер етті. Бірақ Covid-19 факторы уақытша болуы керек, өйткені, зейнетақы активтері ұзақ мерзімді инвестициялар болып табылғандықтан ол кейіннен бұрынғы жетістіктерді қайтарып қана қоймай, кірістілікті арттыруы керек. Бірақ бар мәселе коронавирус індетінен кейін экономиканың қайта қалпына келуіне байланысты.

Қазірдің өзінде Allianz сарапшылары ел үкіметтеріне зейнетақы жүйесін біртіндеп реформалауды бастауды ұсынып отыр. Осы шаралардың бірі – зейнеткерлік жасты өмір сүру ұзақтығына сәйкес түзету, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі. Бұл ретте зейнеткердің өмір сүру сапасы зардап шекпеуі керек және ол зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін лайықты төлемдер алуы тиіс.


Просмотров 4135

Тізімге оралу