Филиалды таңдаңыз:
10.11.2020
«БЖЗҚ» АҚ сіздерді 17 қарашада орыс тілінде және 18 қарашада қазақ тілінде өтетін зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасына арналған онлайн-мектепке қатысуға шақырады. Мектеп бағдарламасынан сіздер жинақтаушы зейнетақы жүйесі, болашақ зейнетақыны қалай жоспарлау керектігі және осы тақырып бойынша жарқын әрі шынайы материалдар жасау үшін қажетті ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы эксклюзивті және пайдалы мәлімет ала аласыздар!
Өтетін орны: Cisco Webex вебинарларға арналған платформасы
Спикерлер: БЖЗҚ және ҚР ҰБ жетекші мамандары
Өткізілетін уақыты: 10:00-ден бастап 13:30* дейін 17 қараша күні – орыс тілінде, 18 қараша – қазақ тілінде
Қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет.
Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, басылымның немесе университеттің атауы, қатысу күні және ватсап телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына бір күн қалғанда жіберіледі.