Филиалды таңдаңыз:
16.11.2020
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандық зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. БЖЗҚ-ның халықпен тілдесу үшін таңдаған бұл жолғы тәсілі – Қордың болашақ салымшылары, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған онлайн-лекция болды.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бакалаврлары және магистранттарымен кездесу қашықтықтан онлайн пішімде өтті және жүзден астам қатысушыны жинады. Дәріс барысында Қор басшылығы мен мамандары әлемде қандай зейнетақы модельдері бар екенін, қазақстандық зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейтінін қолжетімді түрде түсіндірді, көрнекілік кестелердің көмегімен үйлестіруші зейнетақы жүйесінен жинақтаушы жүйеге көшу қажеттілігін және көптеген басқа да мәселелерді түсіндірді.
Математикалық мамандық студенттерін БЖЗҚ-ның актуарлық есептері туралы таныстыру тұсаукесері көбірек қызықтырды. Атап айтқанда, Қазақстандағы демографиялық үрдістер және олардың ел экономикасына әсері студенттерді елең еткізді. Өйткені, БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдарына сәйкес Қазақстанда 65 жас және одан жоғары жастағы халық үлесінің екі есеге ұлғаюы (БЖЗҚ болжамы бойынша ағымдағы 7,3%-дан 14,2%-ға дейін және БҰҰ болжамы бойынша 14,1%-ға дейін) орын алуы мүмкін. Бұған қоса, Қазақстан халқының қартаюы нәтижесінде халық үлесінің 25 жасқа дейінгі (БЖЗҚ болжамы бойынша -3,2% және БҰҰ болжамы бойынша -4,5%) және 25 жастан 65 жасқа дейінгі «еңбекке қабілетті жастағы халық» үлесінің (БЖЗҚ болжамы бойынша -3,1% және БҰҰ болжамы бойынша -1,7%) төмендегені байқалады.
ХАТУ ерекшелігіне және ондағы ақпараттық технологиялар мамандықтарының көптігіне байланысты онлайн-кездесудің тұтастай бір бөлігі БЖЗҚ-ның электрондық сервистері мен ақпараттық жүйелерінің жұмысына арналды. Коронавирус індетіне және енгізілген шектеу шараларына байланысты Қор қызметкерлерінің едәуір бөлігі қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды, бірақ бұл БЖЗҚ-ның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі болмады. Сондай-ақ, жаңа технологиялардың дамуы мен Қор салымшылары үшін барлық қызметтердің электрондық жүйелерінің жақсы жұмыс істеуінің арқасында 2020 жылы қызметтердің 92% астамы онлайн форматта өткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 15,2% өсті. Қазіргі уақытта қызметтердің толық спектрін салымшылардың көпшілігі үйден шықпай-ақ алады. Сонымен қатар кездесу барысында ақпаратты жинау, іздеу, сақтау, өңдеу үдерісі мен әдісі бойынша жұмыстың қыр-сыры талқыланды.
БЖЗҚ жастарға айналып соқпай қоймайтын кәрілікті лайықты қарсы алу үшін өздерінің зейнетақы шоттарын жүйелі түрде толықтырудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру мақсатында болашақта студенттермен осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.