Филиалды таңдаңыз:
11.02.2021
2021 жылдың 10 ақпанындағы БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша жедел ақпарат төмендегідей сипатқа ие:
БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 104 076 өтініш түсті.
Оның ішінде 36,8 млрд теңгеден аса сомаға 6 824 өтініш уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарға кейіннен төлемдер жасау үшін өңделуде. Заң талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 32 870 өтініш қабылданбады.
Жалпы сомасы 350 млрд. теңгеге 64 382 өтініш орындалды, аталған сома уәкілетті операторларға аударылып, өтініш берушілердің арнайы шоттарына есептелді. Төлемдердің орташа сомасы шамамен 5,4 млн теңге.
БЗТ алуға берілген өтініштердің басым бөлігі бұрынғысынша Алматы қ. (20, 6%), Нұр-Сұлтан қ. (16,7%) және Маңғыстау облысының (14,6%) тұрғындарынан келіп түсуде.