Филиалды таңдаңыз:
18.02.2021
2021 жылдың 17 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, сондай-ақ, «Банк ЦентрКредит» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 140 941 өтініш түсті.
Жалпы сомасы 496,7 млрд теңгеге жуық 92 126 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асады.
Арнайы шоттарға төлем алғандардың 20% жуығы Алматы қаласында тұрады, орындалған өтініштердің 17% жуығы Маңғыстау облысының тұрғындарынан, ал 16% елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан жіберілген екен. Өңірлер бойынша толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде берілген.
Жалпы сомасы 23 млрд теңгеге жуық 4 482 өтініш салымшылардың уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарына кейіннен төлемдерді жүзеге асыруға аудару үшін өңделуде.
25 қаңтардан бастап (БЖЗҚ уәкілетті оператордан өтініш қабылдай бастаған күн) 42 579 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады. БЖЗҚ-ның өтініштерді қабылдамау себептері мен оларды жою бойынша ұсынымдар туралы егжей-тегжейлі баяндамасы мына жерде.
Орындалған өтініштерге жасалған талдау олардың ең көп санының (шамамен 39%) ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу мақсатына (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) бағытталғанын көрсетеді. Өтініш білдірген салымшылардың шамамен 26% зейнетақы ақшасын тұрғын үйді ипотекасыз (толық сатып алу) сатып алуға жіберу туралы шешім қабылдаған. Зейнетақы жинақтарын пайдалануға танымалдығы жағынан үшінші орындағы сұраныс – жақын туыстарына беру (өтініштердің 19% астамы). Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары туралы толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған мақсаттар бойынша біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде орналастырылған.