Филиалды таңдаңыз:
19.02.2021
2021 жылдың 19 ақпанында «БЖЗҚ» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы – «BCC Invest» АҚ арасында зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарт жасалды. Банк-кастодиан – «Сбербанк» АҚ ЕҰ.
Осылайша нарықта инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) саны үшке жетті. Компания туралы деректерді, Инвестициялық декларацияны, сондай-ақ, комиссиялық сыйақы туралы ақпаратты қамтитын ИПБ тізілімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Жинақтың бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару» бөлімінде орналастырылған.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру үшін салымшы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ИПБ-ны таңдау туралы өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келген кезде берілуі мүмкін.