Филиалды таңдаңыз:
05.03.2021
2021 жылдың 5 наурызында «БЖЗҚ» АҚ мен «Сентрас Секьюритиз» АҚ арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалды. Кастодиан-банк «АТФБанк» АҚ («First Heartland Jýsan Bank» акционерлік қоғамының еншілес банкі) болды.
Осылайша салымшы инвестициялық декларациялармен және комиссиялық сыйақы туралы ақпаратпен танысып, төрт инвестициялық портфельді басқарушының арасында таңдау жасай алады. Басқарушы компаниялар туралы барлық деректер көрсетілген ИПБ тізілімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару» бөлімінде орналастырылған.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру үшін салымшы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ИПБ-ны таңдау туралы өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келген кезде берілуі мүмкін.
БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік сомасынан асатын бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуды жүзеге асырады. Мәлімделген соманы инвестициялық портфельді басқарушыға аударған сәтке дейін салымшы жинақтардың бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару туралы өз шешімін өзгертіп, өтінішінің күшін жоя алады.