Филиалды таңдаңыз:
30.03.2021
2021 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 385 500 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 704 миллиард теңгеге 585 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
- біржолғы зейнетақы төлемдері – 649,9 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,3 млрд теңге;
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 15, 9 млрд теңг;е
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 13,3 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 4,5 млрд теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 0,9 млрд теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 0,4 млрд теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 28 322 теңгені құрап, ай сайынғы ең жоғарғы төлем сомасы 522 610 теңге болды.