"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

09.04.2021

Қазақстандықтар 1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдаланды және басқарушы компанияларға берді

2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша уәкілетті операторлардың банкілерінде, сондай-ақ, инвестициялық басқарушыларда ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ-дан 1,031 трлн теңгеден астам қаржы түсті.

1,02 трлн теңгені БЖЗҚ салымшылары мен алушылары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалануда. Бұл ретте БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан түскен салымшылардың (алушылардың) өтініштеріне сәйкес, алынған соманың шамамен 33,5% тұрғын үйді ипотекасыз (толық сатып алу) алуға, шамамен 30% - ипотекалық қарызды өтеуге, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы (толықтай немесе ішінара) шеңберінде, 23 % астам сома жақын туыстарына беруге жоспарлануда. Қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсатта пайдалануды жоспарлайтынын enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсаттары бойынша» бөлімінен нақты білуге болады. Салымшылардың арнайы шоттарына келіп түскен төлемдердің орташа сомасы 5 млн теңгеден асады. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану туралы өңірлер бөлінісі бойынша толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде ұсынылған.. Өтініштердің басым бөлігі Маңғыстау облысы (18%), одан кейін Алматы (17,3%), және Нұр-Сұлтан (13,8%) қалаларының тұрғындарынан келіп түсті.

Емделу үшін ел тұрғындары 3,5 млрд теңгеден астам қаржыны алды. Орташа есеппен алғанда бір өтініш бойынша емделуге 1 млн теңге зейнетақы жинақтары аударылады. Өтініштердің басым бөлігі Алматы қаласы (20,9%), Нұр-Сұлтан қаласы (17,5%) және Атырау облысының (8,05%) тұрғындарынан келіп түсті. Өзекті статистикамен enpf.kz сайтының «Көрсеткіштер» - «Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде танысуға болады.       

8 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы портфелін басқарушыларға (ИПБ) шамамен 2,3 млрд теңге зейнетақы активтері аударылды. Келіп түскен 1265 өтініштің 947-і орындалды. Аударымдардың орташа сомасы 2,4 млн теңге.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударуға өтініштердің 39,5% астамы Алматы қаласының тұрғындарынан түсті, одан кейін Нұр-сұлтан қаласы (21,5%) мен Маңғыстау облысының (5,3%) тұрғындары тұр.

Қазіргі сәтте берілген өтініштердің 690-ы орындалып, ИПБ-ға аударылған қаржының жалпы сомасы шамамен 1,7 млрд теңгені құрады, бұл ретте аударымның орташа сомасы 2,4 млн теңге болды.          

Зейнетақы жинақтарын зенімгерлікпен басқаруға беру бойынша нақты статистикамен enpf.kz сайтының «Көрсеткіштер» - «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру» бөлімінде танысуға болады. Бұл жерде зейнетақы жинақтарын инвестициялауға орай ИПБ-ны таңдау жолына алматылықтар (берілген және орындалған өтініштердің шамамен 40%) мен астана тұрғындарының ( 21% астам) белсене қатысатындықтарын көруге болады.

Естеріңізге саламыз, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару салымшыдан өтініш түскен күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады. Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалады. Ал БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын есепке алуды жалғастырады.

Зейнетақы жинақтарын аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш жасауы қажет, оны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Олар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын зерделеуді enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі» бөлімінде жүзеге асыруға болады.


Просмотров 7105

Тізімге оралу