"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

26.04.2021

Зейнетақыны біржолғы зейнетақы төлемдеріне дейін және кейін есептейміз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы.

Есептеулерді орындау оңай және өте қарапайым. Ол үшін болжамды калькуляторда туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақ сомасы және т. б. сияқты барлық жолдарды толтыру қажет. Егер сіз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, калькулятордағы өрістер автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыны есептеу екі-үш рет басу арқылы жүзеге асырылады.

Бұдан әрі сіз БЖЗҚ-дан төленетін болашақ төлемдеріңізді есептеу нәтижелерін көресіз, олар пессимистік, шынайы және оптимистік деп бөлінетін үш сценарийде беріледі. Барлық үш нұсқа кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық мәнде (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар, сіз зейнетке шығатын жасыңызды, күнді және т. б. көре аласыз.

Айта кетейік, енді сіз 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап өзгерістерге сәйкес төлемдерді көре аласыз. Бұдан бұрын хабарланғандай, енді БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесіне сәйкес есептеледі. Осы Әдістемеге сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жинақтарының сомасын зейнетақы жинақтары төлемдерінің 6,5% мөлшерлемесіне көбейту және 12-ге бөлу арқылы айқындалады. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін жыл сайын 5% индекстеу мөлшерлемесіне арттыру жолымен анықталады. Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін төленеді, мұны зейнетақы калькуляторының есептеулерінен де көруге болады.

Бұдан басқа, Жеке кабинеттегі зейнетақы калькуляторында жеткіліктілік шегінен асатын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға болатын сома туралы ақпарат қолжетімді. Бұл ретте мақсатты қажеттіліктерге зейнетақы жинақтары бір мезгілде алынған кезде өзінің болашақ ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің сомасын көру мүмкіндігі іске асырылды. Ол салымшыға қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарын алу-алмау немесе болашақта, яғни зейнеткерлік жасқа жеткен кезде әлдеқайда жоғары зейнетақы төлемдерін алу туралы өз бетінше шешім қабылдауға көмектеседі.

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа жету үшін зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған) болжамды мөлшері жеткілікті болған жағдайда, пайдаланушыны сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және өмір бойғы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы хабардар ететін қалқымалы терезе пайда болады. Есеп бірден сақтандыру ұйымынан аннуитеттік төлемнің болжамды мөлшерін білуге мүмкіндік береді, оны сіз БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін төлемдермен салыстыра аласыз.


Просмотров 7485

Тізімге оралу