Филиалды таңдаңыз:
24.06.2021
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бері тек бес ай ішінде, яғни 01.01.2021-01.06.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 17,6 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41% көп.
Электрондық форматта 13,1 миллионнан астам қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 74% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы үш есеге дерлік өсті. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар
Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 2,6 миллион қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 14,5% тең.
Салымшылар 1,1 миллионнан аса қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде салымшыларға 1 115 173 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 458,8 мың қызметке (немесе 69,9% ) артық.
«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасының арқасында Қор салымшыларына 2021 жылдың 5 айында пошта операторының бөлімшелерінде 6 798 қызмет көрсетілді, ол өткен жылмен салыстырғанда үш есеге дерлік көп. «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:
· салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
· хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.
Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ресімдеу үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда, Қордың мамандары барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Барып қызмет көрсету барысында 2021 жылдың 1 маусымына 28 018 операция жүзеге асырылды.
БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың 1 маусымына кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге артты. Ағымдағы жылы шамамен 819 мың өтініш, ал өткен 2020 жылы барлығы 558 мың өтініш қаралды. Осылайша, өсім 46,9% болды.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығында кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.