Филиалды таңдаңыз:
29.07.2021
2021 жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайлары мен емделулерін жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы 394 264 өтініштерін орындады.
БЖЗҚ 1,66 триллионнан астам теңгені қазақстандықтардың «Отбасы Банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Аltyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ секілді оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына аударды.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін БЖЗҚ шамамен 368 829 өтінішті орындай отырып, 1,64 триллион теңгені салымшылардың арнайы шоттарына аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері шамамен 4,4 млн теңгені құрады.
Орындалған өтініштердің көп бөлігі «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы берілген. БЖЗҚ 351 451 өтінімді (немесе жалпы көлемнің 95,3%) орындап, осы уәкілетті операторда ашылған салымшылардың арнайы шоттарына шамамен 1,6 трлн теңге аударды. Бұл ретте Отбасы банкінің сайтынан алынған ақпарат бойынша 222 000 азамат іс жүзінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге 1,28 трлн. теңге көлемінде зейнетақы төлемдерін пайдаланған.
Естеріңізге сала кетейік, «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторында ашылған арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемі түскеннен кейін, алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақының тағайындалған мақсатын растайтын құжаттарды төлемдер түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесінің 13-тармағына сәйкес) ұсынады. Белгіленген мерзімде уәкілетті операторға растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылуға жатады. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын пайдалану кезінде азаматтар уәкілетті операторлар арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде өтініште көрсетілген мақсатты өзгертуге құқылы.
Салымшы аударылған соманы БЖЗҚ-ға көрсетілген мерзімді күтпей-ақ, «Отбасы Банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на өтінім беру арқылы қайтара алады, оны банк алушыдан қайтару туралы өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауы керек.
Айта кету керек, «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ғы арнайы шоттардан қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдерін уақытылы пайдаланбаулары және өзге де себептерге байланысты 194,3 миллиардтан астам теңге салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына өтініш берушінің өтінішімен (ЖЗШ) уәкілетті операторлар тарапынан кері қайтарылды.
Сонымен қатар, БЖЗҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан алынған жалпы сомасы 40 млрд.теңгеден астам 13 904 өтінімді (жалпы санның 3,8%), «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан шамамен 7,4 млрд.теңге сомаға 3333 өтінімді (немесе 0,9%), «Аltyn Bank» АҚ-нан 393 млн.теңге сомаға 114 өтінімді (0,03%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ-нан 94 млн. теңге сомаға 27 өтінімді (0,01%) орындады.
Екінші деңгейдегі банктер болып табылатын уәкілетті операторлар біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың мақсатты тағайындаулары бойынша БЗТ сомалары арнайы шотқа түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде аударады.
Барлық уәкілетті операторлар арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша орындалған өтінімдердің көпшілігін Алматы қаласы (16,6%), Маңғыстау облысы (15,1%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары жіберді. www.enpf.kz сайтының «Көрсеткіштер» бөлімінде - қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсатта қолдануды жоспарлайтыны және аймақтар бөлігінде («Тұрғын үйді жақсарту мақсаттары бойынша біржолғы зейнетақы төлемдері» және сәйкесінше, «Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдері») егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған.
27 шілдедегі жағдай бойынша орындалған өтініштерде зейнетақы жинақтарын пайдаланудың келесі мақсаттары көрсетілген:
- азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға (толық есеп айырысу) жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге 188 645 өтінім орындалды;
- жеке тұрғын үйдің құрылысына (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда), 9,1 млрд.теңгеге 3190 өтінім орындалды;
- тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы төлем жасауға (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыру шеңберінде) 53,1 млрд.теңгеге 14 931 өтінім орындалды;
- тұрғын үй ипотекалық несиесі бойынша қарызды ішінара өтеуге (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыру шеңберінде) жалпы сомасы 126,3 млрд.теңгеге 51850 өтінім орындалды;
- ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша қарызды толық өтеуге (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыру шеңберінде) 32,9 млрд.теңгеге 8 247 өтінім орындалды;
- ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға жалпы сомасы 554 млн.теңгеге 245 өтінім орындалды;
- тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй несиесін алуға 111,2 млрд.теңгеге 26 159 өтініш орындалды;
- тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық несие бойынша қарызды ішінара өтеуге 79,3 млрд.теңгеге 43189 өтінім орындалды;
- тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық несие бойынша қарызды толық өтеуге 32,9 млрд.теңгеге 10 890 өтінім орындалды;
- тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға 274 млн.теңгеге 71 өтінім орындалды.
- тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салуға (жер телімін алуды қоса алғанда) - 257 млн.теңгеге 99 өтініш;
- сатып алу құқығы бар жалдау шартымен қарызды ішінара өтеуге - 3,7 млрд.теңгеге 2 168 өтініш;
- сатып алу құқығы бар жалдау шарты бойынша қарызды толық өтеуге - 1,6 млрд.теңгеге 463 өтініш;
- анықталмаған - 48,8 млрд.теңге сомасына 18 682 өтінім.
БЖЗҚ емделу мақсаттары үшін жалпы сомасы 23,9 млрд.теңге сомасына 25 435 өтінімді орындалды. Бұл ретте алынған орташа сома 0,9 миллион теңгені құрады. Біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеу үшін пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор - «Отбасы Банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып табылады. Егер алушы БЖТ мақсатты пайдалануды растайтын құжаттарды 45 күн ішінде ұсынбаған болса, олар уәкілетті оператордың арнайы шотынан салымшының жеке зейнетақы шотына кері қайтарылады. 3,8 млрд. теңге «Отбасы Банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның арнаулы шоттарынан салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ қайтарылды. www.enpf.kz сайтының «Көрсеткіштер» - «Емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде зейнетақы жинақтарын емдеуге жұмсаудың өзекті статистикасымен таныса аласыз.
Ағымдағы жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 4,6 млрд теңге аударылған. БЖЗҚ келіп түскен 2 971 өтініштің 2 275-ін орындады. Аударымның орташа сомасы - 2 млн. теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы егжей-тегжейлі статистиканы enpf.kz сайтының «Көрсеткіштер» - «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру» бөлімінде де алуға болады.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы төрт ИПБ-мен келісім жасасты. Олар туралы ақпаратпен және инвестициялық декларацияларын зерттеумен enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі» бөлімінде танысуға болады. Айта кету керек, 4,6 млрд.теңгеден - 43,7% немесе 2,0 млрд. теңге «Jusan Invest» АҚ-қа, 28,2% немесе 1,3 млрд.теңге «Halyk Global Markets» АҚ-қа, 18,2% немесе 0,8 млрд.теңге «BCC Invest» АҚ-қа, 9,9% немесе 0,5 млрд.теңге «Сентрас Секьюритиз» АҚ-қа аударылған.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылдың 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыру Ережесінде көрсетілген және ИПБ Инвестициялық декларациясында қарастырылған рұқсат етілген қаржы құралдарына салады.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқару үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ үшін сыйақының максималды мөлшері алынған инвестициялық кірістің 7,5% -нан аспауы керек. Комиссияның нақты құнын жыл сайын ИПБ басқару органы бекітеді және ол жылына бір реттен жиі емес өзгеруі мүмкін.
Зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің басқаруында болған кезеңде, салымшы зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін инфляция деңгейі ескеріле отырып, зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдігі беріледі. Ал зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына аударылған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілігін қамтамасыз ету кепілдемесімен ауыстырылады. Кірістіліктің төменгі деңгейі нарықта жұмыс істейтін ИПБ басшылығына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізінде есептеледі.