Филиалды таңдаңыз:
23.12.2021
Құрметті салымшылар мен алушылар!
Демалыс күндері 2021 жылдың 25 желтоқсаны сағат 16:00-ден бастап 26 желтоқсан сағат 23:59-ға дейінгі аралықта www.enpf.kz сайтындағы және БЖЗҚ мобильдік қосымшасындағы Жеке кабинет деректер базасының өнімділігін жақсартуға бағытталған жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты уақытша қолжетімсіз болады.
Сіз әдеттегідей зейнетақы жинақтарының жай-күйін жедел түрде https://cabinet.enpf.kz/porog қосымша порталы арқылы тексере аласыз. Порталда ЭЦҚ немесе ЖСН және mgov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы түсетін бір реттік пароль арқылы авторлануға болады. Егер Сіздің нөміріңіз мобильді азаматтар базасында әлі тіркелмеген болса, оны egov.kz порталында тіркеуге болады.
Техникалық жұмыстарды жүргізу уәкілетті операторлардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтініштерді қабылдауын тоқтатпайды.
Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтінішті уәкілетті операторлар – банктердің сайттарында («Отбасы Банк» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ) беру қажет.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!