"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

29.12.2021

БЖЗҚ салымшылары 1,3 триллион теңгеден астам инвестициялық табысқа қалай қол жеткізді? 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

2021 жылдың 1 желтоқсанында басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,4 трлн теңге болды. ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 366,46 млрд теңгеге жетті. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,2 млрд теңгені құрады.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2021 жылдың басынан бастап 1 желтоқсанға дейін есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 1,38 трлн теңге.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялық қызметке шолулар enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

 

2021 жылдың 1 желтоқсанында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ-ның қаржы құралдарына салынған негізгі инвестициялары (сенімгерлік басқарушы ретінде) былайша берілген:

ағымдағы құны 5 094,12 млрд теңгені (барлық портфельдің 38,11%) құрайтын ҚР Қаржы министрлігі шығарған ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары (бұдан әрі – МБҚ). ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік теңгемен – жылдық 9,4%, АҚШ долларында – жылдық 3,4% құрады.

- шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 2 179,87 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі 16,31%. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылдық 0,9% құрады.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 732,38 млрд теңге (портфельдегі үлесі 12,96%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,7%, АҚШ долларымен-жылдық 5,5% құрады.

- 1 035,84 млрд теңгеге (7,75%) ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (бұдан әрі – ЕДБ) облигациялары. 2021 жылдың 1 желтоқсанында ҚР ЕДБ облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,0% құрады.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель былайша берілген:

ұлттық валютадағы инвестициялар – 67,61%, АҚШ долларында – 32,32%, ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.

ҚРҰБ жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

- бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 803,91 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 156,37 млрд теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 83,08 млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 161,05 млрд теңге;

- өзге де кірістер 176,10 млрд теңгені құрады.

 

 

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2021 жылдың басынан бері 1 380,51 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың басынан салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 7,80% болған кезде 11,00% құрады. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 3,20% болды.

Бұл ретте 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы күнтізбелік 12 айда (2020 жылғы желтоқсаннан бастап 2021 жылғы желтоқсанға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,70% мөлшерінде инфляция кезінде 11,77% құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 3,07% болды.

Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

 

Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 6,2 млрд теңгені құрады.

«Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2,76 млрд теңге. Оған мыналар сатып алынды: ҚРҰБ ноталары (портфельдің 38,30%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары, оның үлесі 21,24%, ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (18,56%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатындағы қалған активтер – 21,90%. Айта кетейік, портфельдің 57,05% теңгемен, 42,95% АҚШ долларымен берілген.

Инвестициялық қызмет, қаржы құралдарының нарықтық құнының және шетел валюталары бағамының өзгеруі нәтижесінде 01.12.2021ж. бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері (15.03.2021ж. бастап) 120,23 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,42 пайыз болды.

Эмитенттерді көрсете отырып, «Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында көрсетілген.

 

«Halyk Global Markets» АҚ сенімді басқаруындағы зейнетақы активтері 1 желтоқсанға 1,67 млрд теңгені құрады. Портфель құрылымында ҚРҰБ ноталары портфельдің 19,33%, ETF пайлары (16,96%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (15,12%), кері РЕПО операциялары (13,16%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары (11,17%), ЕДБ облигациялары (9,40%), ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары (7,46%), микроқаржылық ұйымдар (МҚҰ) (7,32%) және шоттардағы ақша қаражаты (0,06%) құрайды. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 71,85%, АҚШ долларында – 28,15% құрады.

Инвестициялық қызмет, қаржы құралдарының нарықтық құнының және шетел валюталары бағамының өзгеруі нәтижесінде есептелген инвестициялық кірістің мөлшері (қызмет басталғаннан бастап 15.03.2021) 01.12.2021 жылғы жағдай бойынша 86,15 млн. теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,87 пайызды құрады.

Эмитенттерді көрсете отырып, «Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында көрсетілген.

 

«BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 желтоқсанға 1,04 млрд теңгені құрады. Олар пайларға (ETF индекстерге) (29,64%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына (19,00%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (11,45%), ҚР ЕДБ облигацияларына (11,18%), кері РЕПО операцияларына (9,87%), МҚҰ облигацияларына (9,41%), ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына (8,00%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына (4,57%) бөлінген. Портфельдің 57,68% ұлттық валютада, 42,32% - АҚШ долларында қаржы құралдарына инвестицияланған.

Инвестициялық қызмет, қаржы құралдарының нарықтық құнының және шетел валюталары бағамының өзгеруі нәтижесінде 01.12.2021ж. жағдай бойынша есептелген инвестициялық табыс мөлшері (15.03.2021ж. қызмет басталғаннан бастап) 48,53 млн. теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 5,96%.

Эмитенттерді көрсете отырып, «BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында көрсетілген.

 

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 668,75 млн.теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (83,24%), ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (14,59%), РЕПО-ға (1,79%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражаттарына (0,23%) инвестицияланған. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 01.12.2021 ж.жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері (01.04.2021 ж. бастап) 40,83 млн. теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 8,53% құрады.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруымен эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында көрсетілген.

Бұдан басқа, БЖЗҚ сайтының «Көрсеткіштер» қосымша бетінде «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімі бар, онда инвестициялық портфельдің құрылымы туралы жалпы ақпарат берілген.


Просмотров 5194

Тізімге оралу