"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

23.04.2021

5 сұрақ. Сәуір.

1.  Ерікті жарналар үшін шот ашқым келеді, себебі, жинағымның мөлшері аздау екендігі туралы ойлана бастадым. Қартайған шағымда көбірек зейнетақы алғым келеді. Қайда жүгінуге болады?

Сіз дұрыс шешім қабылдадыңыз. Ерікті жарналар – бұл қартайғанда өзіңізді қомақты зейнетақымен қамтамасыз етудің қосымша мүмкіндігі. Сондықтан да болашақта қауіпсіздіктің қаржылай көмегіне ие болу үшін қазірден бастап өз зейнетақы капиталыңызды қалыптастыру маңызды. Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу өте оңай болмақ. Оған сіздің БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнаңыз негіз болады.

ЕЗЖ-ны салымшы–жеке тұлға өз табысы есебінен өз пайдасына, сондай-ақ, салымшының (жеке немесе заңды тұлға) алушының пайдасына аудара алады. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен кезеңділігін салымшы дербес айқындайды.

Жеке тұлға өз пайдасына өз табысы есебінен ЕЗЖ төлеген кезде салық заңнамасында ЕЗЖ төленген сомаға салықтық шегерім көзделгенін атап өткен жөн.

Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап салық агенті (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ, корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді.

БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді сіз екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыра аласыз. Айтпақшы, кейбір банктер жарналарды онлайн (ұялы қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа, жұмыс берушіге өтініш беру мүмкіндігі де бар, оның негізінде жұмыс беруші ЕЗЖ-ны өтініш берушінің не үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға тұрақты түрде аударатын болады.

 

2.  Жолдасым өз жинағының бір бөлігін жеке ИПБ-ға беру туралы өтініш жазды. Ал мен, «Егер олар үмітімізді ақтай алмаса ше?» деген уайымдамын. Ондай жағдайда бізге не істеу керек?  

Ең алдымен, инвестициялық портфельді басқарушыларға салымшының БЖЗҚ - дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшердегі немесе сақтандыру ұйымымен өмір бойғы төлемдерді көздейтін зейнетақы аннуитеті шарты жасалған болса, салымшының БЖЗҚ-дағы шотында қалған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын көлемдегі зейнетақы жинақтарын бере алатынын атап өткен жөн.

ИПБ қызметі - бұл басқарушы компаниялардың өздерінің инвестициялау шарттары мен стратегиясын ұсынатын бәсекелесті орта болғандықтан, салымшыға өз жинақтарын аудару туралы шешім қабылдағанға дейін компания туралы ақпаратты егжей-тегжейлі зерделеуді ұсынамыз. Инвестициялық декларациялар және комиссиялық сыйақы туралы мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізбесі» бөлімінде орналастырылған.

Зейнетақы жинақтарын инвестициялау – ұзақ мерзімді үрдіс, сондықтан басқарудың алғашқы нәтижелерін тек бір жылдан кейін бағалаған дұрыс.

Осыған сүйене отырып, салымшы:

- өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлікпен басқаруға беру үшін ИПБ-ны өзгерту туралы өтінішті жиі дегенде жылына бір рет бере алады;

- БЖЗҚ-ға ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банкке сенімгерлікпен басқаруға қайтаруға (жинақталған зейнетақы қаражаты ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына алғаш берілгеннен кейін екі жылдан кейін) өтініш ұсына алады.

Салымшы зейнет жасына жеткенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын оның зейнетақы жинақтары инвестициялық кірісті ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылады (егер олар осы мерзімге дейін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруында болған болса) және кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін немесе заңнамада көзделген өзге де мақсаттарға пайдаланылатын болады.

Назарларыңызды тағы да мынадай жәйттерге аударғымыз келеді. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік жарналар мөлшерінде сақталуына мемлекеттік кепілдік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы сомаларға ғана көзделген.

ИПБ алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен Заңға және ҚНРДА-ның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасында теріс айырма пайда болған жағдайда, ИПБ аталған теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтейді. Ол оны ҚНРДА-ның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіп пен мерзімде, зейнетақы жинақтары өтем жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша осы ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруында болған Өтініш берушіге кейіннен аудару үшін жүзеге асырады. Бұл ретте аталған сома салымшылардың БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарына есептеледі.

Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелетін болады.

 

3. Лицензиясы бар ИПБ мен маған есептелген инвестициялық табыс туралы қайдан білуге болады?

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) белгілеген талаптарға сәйкес келетін ИПБ тізілімі жүргізіліп, ай сайын ҚНРДА-ның интернет-ресурсында орналастырылады (www.finreg.kz).

            Ағымдағы сәтте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты бекіткен талаптарға нарықта жұмыс істейтін және басқарушы компаниялар агенттігінің лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келеді:

«First Heartland Jysan Invest» АҚ;

«BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы»;

«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ);

«Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ» АҚ;

«First Heartland Capital» АҚ;

«Сентрас Секьюритиз» АҚ.

Алайда зейнетақы жинақтарын бұл ИПБ-ларға сенімгерлікпен басқаруға беру үшін зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарттың, сондай-ақ, БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы қажет.

Қазіргі кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шартты:

«First Heartland Jysan Invest» АҚ,

«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ),

«BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы»;

«Сентрас Секьюритиз» АҚ-мен жасады.

Осылайша, қаржы нарығында БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарт жасасқан 4 ИПБ бар.

Сіз өз таңдауыңызды жасағаннан кейін, жеке зейнетақы шотыңыздан берілетін үзінді көшірмеде басқарушы компания сіздің зейнетақы жинақтарыңызды орналастырудан қандай инвестициялық табыс есептегенін көре аласыз. Оны https://www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте кез келген кезең үшін қалыптастыруға болады.

 

4. Мен зейнетақы жинақтарының біржолғы төлемінен салық ұсталатынын естіген едім, осы рас па және оның мөлшері қандай?

 

Иә, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алған кезде салық заңнамасы бойынша табыс салығын ұстап қалу көзделген. Салымшының жеке зейнетақы шотына түскен кезде зейнетақы жарналарына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Сондықтан зейнетақы жинақтарын төлеу кезінде оларға салық салынады.

Алайда біржолғы зейнетақы төлемін алған кезде салымшыға таңдау құқығы беріледі - ЖТС бір рет немесе мерзімін ұзарта отырып - зейнеткерлікке шыққан кезде он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен (БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша) төленуі мүмкін.

Егер салымшы ЖТС-ты толық көлемде бірден төлеу туралы шешім қабылдаса, онда ол өз өтінішінде ЖТС-ты 10% мөлшерінде шегере отырып, алуға болатын соманы көрсетуі тиіс.

Салымшыға қолайлы болуы және оның дербес шешім қабылдауы үшін БЖЗҚ-дан берілетін үзінді көшірмеде екі сома да көрсетілген. Салымшы көрсеткен алуға болатын сома БЖЗҚ-дан уәкілетті операторда ашылған оның арнайы шотына аударылатын болады.

 

5.  Мен ипотека бойынша пәтер сатып алу үшін БЗТ пайдаландым. Егер болашақта алу үшін жеткілікті соманы жинасам, зейнетақы жинақтарымның бір бөлігін тағы да ала алам ба?

Иә, әрине. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді зейнетақы жинақтары сомасының шегінде шектеусіз рет пайдалана алады деп көзделген.


Просмотров 1510

Тізімге оралу