Филиалды таңдаңыз:
24.02.2022
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың бірінші айында өз салымшыларына 3,2 миллион қызмет көрсетті.
БЖЗҚ қызметтерінің 94% астамын індет кезеңінде ыңғайлы, жедел және қауіпсіз болып табылатын онлайн тәртібінде көрсетуде. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметтерін ала алады. Онлайн қызметтердің 2,1 миллионнан астамы немесе жалпы көлемнің 66,5% БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетілген.
БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқа қызмет түрлері.
Сонымен қатар, Қорда қызмет көрсетудің өтінімсіз түрі де дамыған. Мысал ретінде айтсақ, оған міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу кіреді. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна келіп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте тұлғаның жеке басын сәйкестендіру МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ салымшысының қолданыстағы құжатының деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алынады. Өтінімсіз тәртіпте жыл басынан бері 0,9 миллион қызмет немесе жалпы көлемнің 27,8% көрсетілді.
Кеңсеге келіп қызмет алу түрі де танымалдығын жоғалтқан емес. БЖЗҚ-ның Қазақстан бойынша 176 бөлімшесінде 2022 жылдың бірінші айында салымшыларға 116 мың қызмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, Қордың жақын жердегі бөлімшесі туралы www.enpf.kz сайтынан немесе ENPF мобильді қосымшасынан тез білуге болады.
Жалғасып жатқан індет пен қыстың күні қырауда БЖЗҚ салымшылары барынша қашықтан кеңес алуды жөн көріп отыр. Бірнеше минут ішінде біздің қызметкерлер кез-келген сұрақтарға жауап бере алады. 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, кері байланыс арналары арқылы салымшылардан 65,6 мың өтініш келіп түскен.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығы, www.enpf.kz корпоративтік сайты, сондай-ақ, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында ақыл-кеңестер ала алады.