Филиалды таңдаңыз:
15.03.2022
Зейнетақы қызметтерін ұсынуды жақсарту мақсатында БЖЗҚ «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жаңа жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.
Бұл сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді және сервис міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.
Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.
Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.
БЖЗҚ мамандары 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі» тақырыбында әр филиалда өтетін Ашық есік күнінде жаңа сервистің қалай жұмыс істейтіні жөнінде айтып беретін болады.
Кездесуге Қор салымшыларының барлық санаттары, ең алдымен ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің қатысушылары шақырылады.
Іс-шараны өткізу барысында enpf.kz сайтында заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады. Қордың жауапты қызметкерлері тұрақты жарналар арқылы зейнетақы капиталын қалыптастыру қажеттілігі туралы және бұл үдерістегі қызметкердің, сол секілді жұмыс берушінің рөлі туралы айтып береді, сондай-ақ, салымшыларды қызықтыратын басқа да мәселелер бойынша жеке кеңес береді.
Іс-шараға қатысу үшін 18.03.2022 ж. көрсетілген уақытта тиісті сілтеме бойынша өтіңіз