Филиалды таңдаңыз:
31.03.2022
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланған.
Көрсетілген есептерге сүйенсек, 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 580,07 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 8,2 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2022 жылдың 1 наурызында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) қаржы құралдарына инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:
- ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 116,81 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 37,68%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,6%, ал АҚШ долларында – жылына 3,4% .
- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 687,72 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 12,43%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.
- ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 937,98 млрд теңге (6,91%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,2%.
- шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 757,46 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 5,58%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,4%.
- халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 396,29 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 2,92%. Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,0% болды.
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:
- ұлттық валютадағы инвестициялар – 65,67%, АҚШ долларында – 34,27%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2022 жылдың басынан бері 534,17 млрд. теңгеге жетті.
2022 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 1,50% болғанда 4,00% құрады. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,50% болды. 2022 жылдың басынан бері салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 1,50% болғанда 4,00% жетті. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,50% көрсетті.
Бұл ретте 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айда (2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың ақпаны аралығы) зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 8,70% болғанда 13,65% жетті. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,95% болды.
Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі 8,2 млрд теңге.
"Jýsan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,81 млрд теңгені құрады. Оларға ҚРҰБ ноттары (портфельдің 31,05%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары ( 29,77%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (22,54%) сатып алынды, инвестициялық шоттарда ақшалай қаражатта қалған активтер – 15,41%, Репо – 1,23%. Портфельдің 54,89% теңгемен, 45,11% АҚШ долларында.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі сенімгерлік басқаруға берілген сәттен бастап 5,79% құрады.
«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 наурызында 2,27 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымында кері РЕПО операциялары 40,74%, шетелдік эмитенттер құралдары (ETF пайлары) 19,79%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 12,94%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 8,49%, ҚР екінші деңгейдегі банктердің облигациялары 6,85%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары 5,34%, ХҚҰ (5,38%), және шоттардағы ақша қаражаты 0,43%, басқа да активтер (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, шығындар) 0,04%. Портфельдегі ұлттық валютадағы инвестициялар 71,38%, АҚШ долларында 28,62%. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 01.01.2022ж. мен 01.03.2022ж. аралығында 3,45% болды.
«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
«BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 1,35 млрд теңгені құрады. Олар пайларға (ETF индекстерге) 27,69%, РЕПО 20,69%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының блигацияларына 15,15%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына 11,37%, ХҚҰ облигацияларына 7,35%, ҚР ЕДБ облигацияларына 6,29%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына 5,98%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына 5,45%, өзге де активтерге (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, шығындар) 0,02% бөлінген. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 55,55%, АҚШ долларында 44,45% инвестицияланған.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың басынан бері 5,74% құрады.
«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 814,62 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға 66,56%, РЕПО 18,54%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына 13,20%, инвестициялық шоттардағы ақша құралдарына 1,57%, басқа активтерге (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, шығындар) 0,12% инвестицияланды. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың басынан бері (-2,60%) құрады.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
Бұдан бөлек, БЖЗҚ сайтының «Көрсеткіштер» қосымша бетінде «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімі бар. Онда инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша жалпы ақпарат берілген.