Филиалды таңдаңыз:
01.04.2022
2022 жылдың 31 наурызында 23 сағат 59 минутқа дейін уәкілетті операторлардан келіп түскен тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы өтініштерді өңдеудің аяқталуына байланысты enpf.kz сайты мен БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қолжетімді сома туралы ақпарат 1 сәуір операциялық күні бойы өзектендірілді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 сәуірден бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі күшіне енді. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен Президент Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ТЖШ айқындау әдістемесіне сәйкес 2021 жылға есептелген ТЖШ қолданылу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылған еді.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында ТЖШ - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері деп айқындалған. ТЖШ айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен (2021 жылғы 6 қаңтардағы өзгерістерімен және толықтыруларымен) бекітілген.
Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері жыл сайын әрбір жас үшін есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Бұл ретте ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері сияқты әлеуметтік көрсеткіштер пайдаланылады.
ТЖШ мөлшері туралы ақпарат БЖЗҚ сайтында келесі сілтемеде жарияланған https://www.enpf.kz/kz/services/withdrawal/withdrawal-check.php