"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.12.2022

Тұрақсыз макроэкономикалық ахуал аясында зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы оң сипатқа ие

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 желтоқсанға 14,4 трлн теңге болды.

Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына бөлінген таза инвестициялық табыс – 777 млрд теңге. 2022 жылы қалыптасқан қолайсыз макроэкономикалық жағдайға қарамастан, зейнетақы активтерінің кірістілігі 12 айда (2021 жылғы желтоқсан – 2022 жылғы қараша) 5,91% жетті. Бұл ретте соңғы бес жылда жинақталған кірістілік инфляция деңгейінен асып түсті.

Пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуімен, сондай-ақ, активтердің төмен кірістілігімен ерекшеленетін 2022 жыл бүкіл әлем бойынша зейнетақы қорлары үшін ауыр болды. Willis Towers Watson (Global Pension Finance Watch, wtwco.com) тоқсандық сараптама есебіне сай, АҚШ долларының айтарлықтай нығаюы кезінде айырбас бағамдарының өзгеруі, сондай-ақ, барлық елдерде сақталатын инфляциялық қысым зейнетақы жүйелерінің көрсеткіштеріне үлкен әсер етті. Әсіресе Ұлыбританиядағы зейнетақы активтері ең көп зардап шегіп, жыл басынан бергі шығын (-29,6%) болды. Одан кейін шығын көрсеткіштері бойынша теріс кірістілік (-15,7%) АҚШ зейнетақы нарығында орын алды. Еуроаймақ, Швейцария және Канада елдерінің инвестициялық шығыны (-14,1%) болды. Жапонияның зейнетақы активтері бойынша шығын - 3,0% тең. – Әлемдегі ең ірі Норвегия мемлекеттік зейнетақы қоры 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 174 миллиард доллар жоғалтты, – деп хабарлайды ашық ақпарат көздері.

Зейнетақы жинақтары – ұзақ мерзімді инвестициялар. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ, инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін.  

Орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі қаланған 1998 жылдан бастап 2022 жылғы 1 желтоқсандағы инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен бірге бүкіл кезеңдегі инфляция 669% болған кезде 726,3% көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-да шоғырландыру аяқталған 2014 жылдан бері тапқан табысы 6,8 трлн теңгені құрады.

Жекелеген кезеңдегі табыстылықтың төмендеуі салымшының төлем жасау құқығы басталған кездегі жинақталған табыстылығына әсер етсе де, Қазақстан Республикасында инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сақталуына бірегей кепілдіктің қолданылатынын еске саламыз.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

Ал БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасынан көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты алуға болады.


Просмотров 2940

Тізімге оралу