"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.12.2022

Зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді келешекте нақты табыс алыңыз


enpf.kz сайтында 2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерін ҚР ҰБ және ИПБ басқаруының есебі жарияланды 

Зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланатыны туралы егжей-тегжейлі есеп enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған. Мұнда ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріледі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 14,4 трлн теңгеден асты. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 396,38 млрд теңгені құрады. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері9,35 млрд теңге.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Негізгі инвестициялардың ағымдағы құрылымы мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің облигациялары – шамамен 48%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 12%, банктердің облигациялары мен депозиттері – 8%, шет мемлекеттердің МБҚ - 6%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары - 3%, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік бағалы қағаздары - 2%, сыртқы активтерді индекстік басқару – 20%.

Ұзақ мерзімді кезеңде табыстылықты арттыру және тәуекелдерді азайту мақсатында зейнетақы активтерінің портфелін одан әрі әртараптандыру, ондағы неғұрлым табысты құралдарды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мынадай:

ұлттық валютадағы инвестициялар – 71,47%, АҚШ долларында – 28,46%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.

Егер алынған кірістің құрылымын талдайтын болсақ, онда бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 720,78 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 223,31 млрд теңге, өзге кірістер – 11,81 млрд теңге болғанын көруге болады. Бірақ сыртқы басқарудағы құралдар 149,86 млрд теңге көлемінде шығын әкеліп

, бұл биылғы жылы алынған инвестициялық табысқа геосаяси факторлардың әсерін растайды. Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес күніндегі инвестициялаудың барлық бағыттары табыс әкелді. Атап айтқанда, сыртқы басқарудағы активтер бойынша 161 млрд теңгеден астам кіріс алынды.

Дегенмен, 2022 жылдың 11 айындағы жалпы табыс оң сипатқа ие. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері жыл басынан бері 806 млрд теңгеге жетті. 2022 жылғы 11 айдағы зейнетақы активтерінің кірістілігі - 5,78%, соңғы 12 айда (2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қарашаға дейін) - 5,91%. 2014 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық табыс 6,8 трлн теңге. 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі 8 жыл ішінде жылдық мәнде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі орташа алғанда жылына 9,68% көрсеткішке ие болды.

 

ҚР ҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы қаражаттың жалпы көлемі - 9,35 млрд теңге.

"Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері - 4,21 млрд теңге. Компанияның ең маңызды салымдары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары - портфельдің 31,31%; ҚР ҚМ МБҚ – 17,16%; ҚР ҰБ ноттары – 14,39%. Шоттардың 24% астамын ақшалай қаражат құрайды. Айта кетейік, портфельдің 59,74% теңгемен, 40,26% АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2022 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 137,67 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі жыл басынан бері - 3,73%.

"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттер көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

"Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері 2,65 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар мынадай: кері Репо (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 48,84%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 13,45%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 13,38%; мемлекеттік мәртебеге ие, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар – 6,8%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 78,96%, АҚШ долларымен – 21,04%.

2022 жылы инвестициялық табыстың мөлшері – 109,18 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі жыл басынан бері 4,15% болды.

Эмитенттерді көрсете отырып, "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

"BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері 1,52 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары – портфельдің 43,31%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 15,78%; пайлар (индекстерге арналған ETF) – 14,82%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 70,32%, АҚШ долларымен – 29,68% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде жыл басынан бері табыс 42,51 млн теңгені құрады, "BCC Invest" АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы он бір айда 2,74% болды.

Эмитенттерді көрсете отырып, "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

"Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері 0,97 млрд теңге. Активтердің 54,41%-ы ҚР ҚМ МБҚ-ға; 15,88%-ы РЕПОҒА инвестицияланған; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 10,56%; квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,9%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 80,02%, АҚШ долларымен – 19,98% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде инвестициялық кірістің мөлшері жыл басынан бері 26,44 млн теңгені құрады, "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі осы кезеңде – 2,18%.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған..

 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.


Просмотров 3157

Тізімге оралу