Филиалды таңдаңыз:
07.08.2018
2018 жылдың алғашқы жартысында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 356,4 млрд теңге болды. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 205,7 млрд теңге болған еді.
Жыл басынан бері табыстылық 4,5 пайызға жетті. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 2,6 пайыз болды. Жылдық тұрғыда алып қарағанда, Қордың зейнетақы активтерінің (2017 жылдың маусымы – 2018 жылдың маусымы) табыстылығы 9,5 пайызды құрап отыр. Ал бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 5,9 пайыз болды.
2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері 8,45 трлн теңгені құрады. Бұл ретте зейнетақы активтерінің 46,7 пайызы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына, 14,22 пайызы - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қаржы құралдарына (облигациялар - 14,22 % және депозиттер - 3,71%), 10,22 пайызы - шет мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздарына, ал 8,66 пайызы - квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына инвестицияланған.
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (67,89%), АҚШ долларында (31,60%) және Ресей рублінде (0,41%) номинирленген.
2018 жылдың 1 шілдесіне қарай рейтингі «ААА»-дан «BBB-»-қа дейін болатын, тәуекелі ең төмен қаржы құралдарының үлесі 2017 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 64,35 пайыздан 74,82 пайызға өсті. Бұл ретте зейнетақы активтерінің 14,28 пайызы ұстамды дәрежедегі тәуекелі бар (рейтингі «ВВ+»-тен «В-»-қа дейін) қаржы құралдарына орналастырылды. Рейтингтік бағасы жоқ қаржы құралдарының сомасы 798 млрд теңгені құрады. Дегенмен бұл қаржы құралдарын шығарған эмитенттер барабар кредиттік рейтингке ие.
БЖЗҚ инвестициялық декларациясында көзделген, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің валюталық бөлігіне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында 2018 жылы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің бір бөлігі (220 млн АҚШ доллары) «Дамушы нарықтардың ғаламдық облигациялары» мандаты бойынша Aviva Investors Global Services Limited сыртқы басқарушысына берілді.
2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфелінің толыққанды құрылымы мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://www.enpf.kzhttp://www.enpf.kz/upload/medialibrary/97b/97bc0a80eccb7bfc0fefbeb99d27b80c.pdf