Филиалды таңдаңыз:
07.08.2018
Барлық салымшылар мен алушылар үшін зейнетақы қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін оңтайландыру және жетілдіру жолында салымшылар мен алушыларға жаңа, заманауи қызметтер ұсынады. Бұл қызметтер оларды уақыт шығындап, Қор бөлімшесіне келіп, құжаттар толтырудан құтқарады. 2018 жылдың шілдесінде enpf.kz сайтының Жеке кабинеті және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде жаңа қызмет – ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қызметі іске қосылды. Оны пайдалану үшін салымшылар мен алушыларда электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті болуы керек.
Бұл бар болғаны бірнеше минут уақытты алады. Авторлану және ЭЦҚ тексерілген соң, «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқоры мен БЖЗҚ дерекқорында салымшыны сәйкестендіру үдерісі жүреді. Осындай тексерулерден сәтті өтілген жағдайда, салымшыға ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін деректерді енгізудің электрондық нысаны ұсынылады. ЭЦҚ кілтімен қол қойған соң, салымшыға «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шотының ашылғандығы туралы туралы Анықтама беріледі. Оны сақтауға және (немесе) қағазға басып шығаруға болады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа автоматты түрде мына құжаттар тіркеледі (пайдаланушы таңдаған тілде):
- ЖЗШ ашу туралы анықтама (Қор ЭЦҚ қол қойылған pdf-құжат және xml-құжат);
- алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойылған, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (жеке тұлға болып табылатын салымшы үшін) (pdf-құжат және xml-құжат);
- салымшының сауалнамасы (xml-құжат);
- Мемлекеттік дерекқордың жауабы (pdf-құжат).
Биыл БЖЗҚ сайтында өткен жылы іске қосылған электрондық сервистерді БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы да қолжетімді ету жоспарланып отыр.