Филиалды таңдаңыз:
25.08.2018
Құрметті журналистер, әріптестердің Қорға жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты «БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға байқаулық өтінімдерді қабылдау уақытын ұзарту туралы шешім қабылдады.
Бұдан басқа, материалдың Қазақстан Республикасының республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында шығу мерзімі қайта қаралды.
Сонымен байқауға 2018 жылдың 1 қаңтары мен 21 қыркүйегі аралығында жарияланған немесе эфирге шығарылған қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады.
Байқауға ұсынылған жұмыстар 2018 жылдың 21 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда):
- press@enpf.kz электрондық поштасына – материалдың сканерден өткізілген көшірмесін немесе сілтемесін (мысалы материал файл алмасу хостингіне орналастырылуы мүмкін) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге;
немесе
- Қордың заңды мекенжайына (Алматы қ. Әуезов көшесі, 82) – материалдың түпнұсқасын немесе көшірмесін (оның ішінде материал электрондық тасымалдауыш: диск немесе флеш-жинақтауышта болуы мүмкін) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге қабылданады.
Бұдан басқа, қатысушы бекітілген нысанға сәйкес (өтінім нысаны ұсынылған) толтырылған өтінімді қосу тіркеуі тиіс.
Байқау қорытындысы 2018 жылдың 1 қазанына дейін шығарылып, Қордың www.enpf.kz. ресми сайтында жарияланады.
Қазылар алқасы «Үздік журналистік материал» санаты бойынша мемлекеттік тілде үш жеңімпазды және орыс тілінде үш жеңімпазды анықтайды.
Әрбір аталымда жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады:
- бірінші орын үшін – ноутбук;
- екінші орын үшін – планшет;
- үшінші орын үшін – диктофон.