Филиалды таңдаңыз:
06.09.2018
«БЖЗҚ» АҚ ұялы қосымшасының осалдығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне жасалған тексеру салымшылар мен алушылардың дербес деректерінің бұзылмағандығын немесе сыртқа таралып кетпегендігін көрсетті.
Қор барлық салымшылар мен алушыларды қырағы болуға шақырады, сондай-ақ дербес деректерді үшінші бір тұлғаға бермеу керектігін және құпия сөздер (парольдер) мен басқа да дербес сәйкестендіргіштер туралы ақпаратты таратпау қажеттігін ескертеді.
Қор үшін ең маңызды және басымды міндет – салымшылар мен алушылардың дербес деректері мен жинақтары туралы мәліметтердің сақталуын және қорғанысын қамтамасыз ету. БЖЗҚ жүйесінің қорғанысы бірнеше деңгейден тұрады. Олар дербес деректердің қауіпсіздігін толығымен қамтамасыз етеді.
Еске саламыз, Қор 2017 жылдың соңында Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі бойынша ресертификациялық аудиттен сәтті өтті. Бұл Қор салымшыларының жеке деректеріне қатысты ақпараттардың құпиялылығын, тұтастығын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің жоғары сапаға ие екендігін білдіреді.
Сонымен қатар Қор ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын мемлекеттік аттестаттаудан да сәтті өтті.