"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

06.11.2018

БЖЗҚ-да зейнетақы төлемдері үшін ақша таусылмайды

Соңғы кездері кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) қызметіне қатысты талдамалық сараптамалық дәлелдерге негізделген деген айдармен әр түрлі жарияланымдар пайда бола бастады. Қор осыған байланысты мына жәйттерді түсіндіреді.


Зейнетақы активтерінің табыстылығы

Зейнетақы активтері табыстылығының күрт төмендеуіне қатысты жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарының Айман Тұрсынханға сілтеме жасап таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды.

Нақты айтар болсақ, 2005 жылы инвестициялық табыстың зейнетақы жинақтарындағы үлесі – 23,7 пайыз болғаны айтылады. Сөйтіп ол, зейнетақы активтерінің 2018 жылдың 9 айы ішіндегі табыстылығына қатысты мүлдем басқа көрсеткіш – 7,75 пайызбен салыстырылады. Осылайша бір-бірімен салыстыруға мүлдем келмейтін көрсеткіштер негізінде «зейнетақы активтерінің табыстылығы 2005 жылдан бастап 2018 жылға дейін күрт төмендеп кеткен» деген қорытынды шығарылады. Осы ақпаратқа қатысты мән-жәйды түсіндіру үшін мына мағлұматтарды ұсынамыз.

Зейнетақы активтерінің табыстылығына қатысты ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық деректері екі көрсеткіштен тұрады. Олар:

1) зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі;

2) зейнетақы активтерінің табыстылығы.

Зейнетақы жинақтарының құрамындағы инвестициялық табыстың үлесі пайыздық тұрғыда көрсетіледі. Мысалы, есептік деректер бойынша 2018 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының құрамындағы инвестициялық табыстың үлесі – 37,1 пайызды құрады. Басқаша айтқанда, зейнетақы жинақтарының 62,7 пайызы – салымшылардың жарналарынан, ал 37,1 пайызы – инвестициялық табыстан тұрады деген сөз. Зейнетақы жинақтарының құрамындағы инвестициялық табыстың үлесі жинақталған қорытынды есеппен белгілі бір күнге қарай тұрақты түрде жарияланып отырады.

Аталған көрсеткіштің жылдар бойынша өсу серпіні мынадай:

Жылдар

2004

2005

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018*

ИТ үлесі

23,7%

23,9%

25,3%

20,9%

21%

20,3%

21,9%

30,1%

33,3%

35,7%

37,1%

*2018 жыл – 2018 жылдың 1 шілдесіне қарай қалыптасқан көрсеткіш.

Бұл сандарға қарап, инвестициялық табыстың зейнетақы жинақтарындағы үлесі аталған кезеңде өскендігіне көз жеткізуге болады.

Ал зейнетақы активтерінің табыстылығы дегеніміз – ол шартты зейнетақы бірлігі құнының белгілі бір кезеңдегі өсімі, яғни зейнетақы активтері табыстылығының белгілі бір кезеңдегі мөлшерлемесі. Әдетте зейнетақы активтерінің табыстылығы сәйкес кезеңдегі инфляция көрсеткішімен салыстырылып отырады. Мысалы, 2018 жылдың 9 айы ішінде зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,75 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 3,3 пайыз болды.

Зейнетақы активтері табыстылығының инфляциямен салыстырғандағы серпіні мынадай:

Жылдар

2004

2005

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018*

Табыстылық

3,57%

8,33%

4,39%

2,59%

4,00%

2,37%

6,31%

15,65%

7,95%

7,92%

7,75%

Инфляция

6,7%

7,5%

7,8%

7,4%

6,0%

4,8%

7,4%

13,6%

8,5%

7,1%

3,3%

-3,13

+0,83

-3,41

-4,81

-2,0

-2,43

-1,09

+2,05

-0,55

+0,82

+4,45

*2018 жыл  – 2018 жылдың 9 айы ішіндегі көрсеткіш.

Кестеден көрініп тұрғанындай, инфляция көрсеткішін ескеретін болсақ, зейнетақы активтерінің табыстылығы 2004 жылдан бастап -3,13 пайыздан +4,45 пайызға дейін өскен. Еске саламыз, 2015 жылғы табыстылыққа бір жағынан ұлттық валюта бағамына түзету енгізу және оны еркін айналымға жіберу есебінен қол жеткізілді.

Бұл статистикалық көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сайтының деректері бойынша келтірілді.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерге қарап отырып, олардың мәні, мазмұны, есептеу тәртібі және қолданылу мақсаты әрқалай екендігіне көз жеткізуге болады. Сәйкесінше олар бір-бірімен салыстыруға мүлдем келмейді. Бұл тіпті мүмкін де емес.

Жалпы, екі көрсеткіштің де даму қарқыны оң сипатқа ие.


Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өтімділігі

Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарының Айман Тұрсынханға сілтеме жасап, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі кассалық алшақтыққа қатысты таратып жатқан ақпараты да, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде алдағы 3-5 жылда қаражаттың таусылатыны туралы болжамдары да шындыққа жанаспайды.

Мысалы, Айман Тұрсынхан жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі түсімдер мен төлемдердің арақатынасы елеулі түрде төмендеп кеткендігі және бұл жағдай алдағы 3-5 жылда жинақтаушы зейнетақы жүйесінде ақшаның таусылуына әкеп соғатындығы туралы ақпаратты алға тартып отыр. Бұл ақпаратқа қатысты БЖЗҚ мына мағлұматты хабарлайды.

Жалпы әлемдік тәжірибеде зейнетақымен қамсыздандырудың нақты екі моделі қолданылады. Олар:

1) үлестіруші зейнетақы жүйесі;

2) жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

Бұл жүйелердің әр түрлі сипатта толып жатқан үлгілері бар. Көптеген елдер;

оларды өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына бейімдеп, өзара әр түрлі арақатынаста үйлестіре отырып, қолданады. Бірақ, қалай болғанда да зейнетақымен қамсыздандыру осы екі жүйеден тұрады. Екеуінде де жарна аудару – жұмыс істеуші бұқара халыққа жүктелген. Тек үлестіруші жүйеде жұмыс істеуші азаматтардың аударымдары қазіргі, яғни ағымдағы зейнеткерлерге зейнетақы төлеуге пайдаланылады. Ал жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жұмыс істеуші азаматтардың аударымдары бүкіл еңбек жолы барысында олардың өз шоттарына жинақталады. Үлестіруші жүйеде түсімдер мен төлемдердің өзара арақатынасы үлкен маңызға ие. Өйткені оған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар елеулі түрде әсер етеді.

Қазақстанда 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат зейнетақы төлемдерін өзінің бүкіл еңбек жолында жинаған зейнетақы жинақтары есебінен алады. Ал жинақтар зейнетақы жарналары есебінен қалыптасады. Сәйкесінше оның көлеміне жарналардың мөлшері, реттілігі және жиілігі тікелей әсер етеді. Ал түсімдер мен төлемдердің арасалмағы жеке тұлғаның алатын зейнетақысына ешқандай да әсер етпейді. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде түсімдер мен төлемдерді өзара салыстыру – әдістемелік тұрғыда қате болып саналады.

Егер Айман Тұрсынханның есептеулеріне зер салып қарайтын болсақ, бірқатар елеулі қателіктерді байқауға болады. Мысалы, ол бұған дейін төлемдер мен түсімдердің арақатынасы шамамен 1:10 болса, қазір шамамен 1:4 екендігін айтады. Айман Тұрсынханның пайымдауынша бұл көрсеткіш сөзсіз кассалық алшақтыққа әкеп соғады-мыс.

Біріншіден, сарапшы келтірген цифрларда түсім ретінде тек зейнетақы жарналарының жыл сайынғы сомалары ғана ескерілген. Ал таза инвестициялық табыс есепке алынбаған.

Екіншіден, «кассалық алшақтыққа» баға бергенде жинақталған қалдық ескерілмеген.

Төменде соңғы 4 жыл ішіндегі жарналар, таза инвестициялық табыстар, төлемдер бойынша цифрлар және 2000 жылдан бастап іріктеп алынған еселі мерзімдер келтірілген. Жылдар бойынша берілген түсімдер мен төлемдердің арақатынасы анықтамалық (арифметикалық) сипатта берілген, мағыналық сипатқа ие емес. Одан басқа, әрбір жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің қалдығы көрсетілген.

млн. теңге

Жылдар

2000

2005

2010

2015

2016

2017

2018*

Жарналар

37 574

132 352

332 927

688 835

698 423

756 053

617 206

Таза инвестициялық табыс

13 545

40 439

89 706

761 402

472 435

550 556

623 565

Сақтандыру ұйымдарына төлемдер мен аударымдар

11 157

9 435

54 637

141 124

169 690

211 118

130 908

Арақатынас

4,6

18,3

7,7

10,3

6,9

6,2

9,5

Зейнетақы активтерінің қалдығы

112 649

648 581

2 258 199

5 828 234

6 685 265

7 780 738

8 891 461

* 2018 жыл – 2018 жылдың 9 айы ішіндегі көрсеткіш.

Ұсынылған цифрлардан көріп отырғанымыздай, түсімдер мен төлемдердің арақатынасы алушылардың санына, инвестициялық табысқа, түсімдердің көлеміне қарай жылдан жылға өзгеріп отырады. БЖЗҚ-ның актуарлық есептеулеріне сәйкес болжам бойынша алдағы онжылдықта төлемдер көлемі жылына 211 млрд теңгеден 478 млрд теңгеге дейін барады. Яғни, бұл жерде төлем көлемі триллиондаған теңгеге барады деген әңгіме жоқ. Кіріс бұрынғыша шығыстан жоғары болады.

Болжам бойынша 2019-2023 жылдар аралығында жарналардың жиынтық көлемі шамамен 5 трлн теңгені, ал төлемдер көлемі 1,3 трлн теңгені құрайтын болады. Соның нәтижесінде болжам бойынша жинақтардың жалпы сомасы 2023 жылдың соңына қарай инвестициялық табысты ескере отырып, шамамен 15,3 трлн теңгеге жетеді.

Бір сөзбен айтқанда, «Қорға кассалық алшақтық қауіпі төніп тұр» деген әңгіме қисынға келмейтін бос сөз.


Зейнетақы активтері портфелінің сапасы

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде алдағы 3-5 жылда зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қаражаттың таусылатындығына қатысты Айман Тұрсынханның БАҚ беттерінде келтірген негізгі уәждерінің бірі – жүйеден қаражаттың инвестиция түрінде «жылыстауы, кетуі».

БЖЗҚ бұл ақпаратқа қатысты мына мағлұматты ұсынады. Жоғарыда айтылғанындай, түсімдер мен төлемдер жеке, дербестік сипатқа ие.  Зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын зейнетақы жинақтары әр түрлі қаржы құралдарын сатып алуға жұмсалады. Мақсат – жинақтарды сақтау және көбейту.

2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің көлемі 8,9 трлн теңгені құрады. Салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың 9 айы ішінде 7,75 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 3,3 пайыз болды. Яғни осы кезеңдегі нақты табыстылық 4,45 пайызды құрады.

Зейнетақы активтерінің 75,5 пайызы рейтингі «AAA» (үш А) -дан «BBB-» (үш B-)-қа дейін болатын қаржы құралдарына инвестицияланған.

Бұл көрсеткіш зейнетақы активтері портфелінің сенімділігін және өтімділігін көрсетеді.

Зейнетақы активтерінің 31 пайызы шетел валютасында, ал 69 пайызы ұлттық валютада номинирленген қаржы құралдарына инвестицияланған.  Бұл ретте инвестицияның 22,16 пайызы шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарына, ал қалғаны отандық эмитенттердің қаржы құралдарына жұмсалғанын айта кеткен жөн.

Зейнетақы активтері портфелінің құрылымында ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі басымдыққа ие (46,83%). Өйткені мемлекеттік бағалы қағаздарға қаржы жұмсау – ең сенімді және жоғары өтімді инвестициялардың бірі болып табылады.

Теңгеге номинирленген ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 7,4 пайызды, АҚШ долларымен – жылына 4,4 пайызды құрады.

Шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары мен халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына жасалған инвестицияның үлес салмағы шамамен 15 пайызды құрады. Бұл қаржы құралдарының түрі бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік АҚШ долларында жылына сәйкесінше 3,6 және 5 пайызды көрсетті.

Екінші деңгейдегі банктерге (облигациялар, депозиттер және т. б) жасалған инвестицияның үлесі 17,9 пайыз болды. Бұл ретте осы қаржы құралдарына бағытталған инвестицияның үлесі 2016 жылдың басына қарай 34 пайыз болса, 2018 жылдың 1 қазанына қарай 17,9 пайызға дейін төмендеді.

Есептік күнге теңгеге номинирленген ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары бойынша орташа алынған кірістілік жылына 9,9 пайызды, ал АҚШ долларында – жылына 6,6 пайызды құрады.

Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетқы активтерін бір Қорға шоғырландыру барысында алынған проблемалық активтердің үлесі бүгінде 0,4 пайызды (немесе шамамен 37 млрд теңгені) құрайды. БЖЗҚ бұл берешектерді өндіріп алу жұмыстарын азаматтық сот өндірісі және қылмыстық қудалауға негіз бар болса, қылмыстық қудалау тұрғысында жүзеге асырып жатыр. Жыл сайын Қордың зейнетақы және меншікті активтері бойынша қаржы есептілігінің шынайылығын тәуелсіз аудит растайды.

Зейнетақы активтері бойынша барлық көрсеткіштер оң серпінді көрсетіп отыр. Сәйкесінше «кассалық алшақтық» және зейнетақы активтерінің «қанағаттанарлықсыз сапасы» туралы ақпараттар шындыққа жанаспайды.

Осы ақпараттық хабарламада келтірілген барлық цифрларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің nationalbank.kz және Қордың enpf.kz. сайтынан көруге болады. БЖЗҚ өз қызметінде қашанда ашықтық қағидатын ұстанады және барша азаматтармен сұхбат жүргізуге дайын.


Просмотров 5888

Тізімге оралу