Филиалды таңдаңыз:
17.06.2019
Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша кеңес беру қызметтерінің барлық түрі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылдың 21 маусымында өзінің барлық филиалында кезекті Ашық есік күнін өткізеді.
Осы шара аясында «БЖЗҚ» АҚ филиалдарының мамандары тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдерімен бірлесе отырып, келушілерге жинақтаушы зейнетақы жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік бағдарламалар және басқа да тақырыптар бойынша ақпарат ұсынады және ақыл-кеңес беру қызметтерін көрсетеді.
«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларын және барлық келем деуші азаматтарды «Ашық есік күні» шарасында күтеді.