Филиалды таңдаңыз:
27.08.2019
Құрметті журналистер, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері!
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылдың қыркүйегінде қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында Ақтөбе қаласында «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар» тақырыбы бойынша мемлекеттік тілде қарқынды оқыту курсын өткізеді.
«БЖЗҚ» АҚ – жинақтаушы зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер және Қор жұмысы туралы кең көлемді ақпарат беруге мүдделі.
Қаржы мектебінің курсына қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша дәрістерге, шеберлік сыныптарына, таныстырылымдарға және тәжірибелік сабақтарға қатысады.
Курс барысында тыңдаушылар БЖЗҚ басшылығына және департамент директорларына сұрақ қойып, зейнетақы жинақтарын қалыптастыру бойынша толыққанды жауаптар ала алады.
Қаржы журналистикасы мектебіне қатысушылардың барлығына сертификаттар табыс етіледі.
Мектептің мекенжайы:
Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 249 (Ғ. Жұбанова көш. бұрышы).
Оқыту курсын өткізу уақыты:
2019 жылдың 12 қыркүйегінде – сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін орыс тілінде,
2019 жылдың 13 қыркүйегінде – сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін қазақ тілінде.
Мектепке қатысу бойынша өтінімдер 2019 жылдың 09 қыркүйегіне дейін press@enpf.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Қатысушы өтінімінде:
• тегін, атын, әкесінің атын;
• БАҚ, лауазымын, жұмыс түрін (блогер немесе студент);
• курстың күнін;
• байланыс телефонын (ұялы телефон, электрондық пошта) көрсетуі тиіс.