"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

09.09.2019

«БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 12-ші отырысы болды

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы «БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың алғашқы жартысындағы қызметі туралы есептемені тыңдаумен басталды.

«БЖЗҚ» АҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерінің даму серпіні оң сипатқа ие. Атап айтар болсақ, жеке зейнетақы шоттарының саны – 104,7 мың бірлікке артып, олардағы жинақтардың өсімі – 614,6 млн теңгені құрады. Ал салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс – 257,5 млрд теңгеге жетті. Егер жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде 9,65 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,4 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық 4,25 пайызға жетіп отыр.

Кеңес мүшелеріне шартты-жинақтаушы құрамдауыш аясында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу бойынша көрнекі таныстырылым ұсынылды. Бұл жарналар Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғырту жолында алғашқы қадам болмақ. Бұл ретте Кеңес мүшелері жұмыс берушілердің  қосымша аударымдары шағын және орта бизнеске түсетін жүктемені арттыратындығы туралы өз пікірлерін білдірді. Қор қызметкерлері өз кезегінде таныстырылым аясында нақты дәлелдер келтіре отырып, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының арқасында болашақта азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу деңгейі арта түсетіндігін жеткізді.

Осылайша зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында барынша оңтайлы үлестіріледі. Бұл ретте салыстыру үшін Сингапур, Малайзия, Швеция, Израиль секілді шет мемлекеттердің тәжірибелері келтірілді. Бұл елдерде жұмыс берушілердің аударатын зейнетақы жарналарының көлемі Қазақстанға қарағанда жоғары екендігін айта кеткен жөн.

Күн тәртібінде проблемалық эмитенттермен жұмыс жүргізу мәселесі де көтерілді. Мысалы, Қордың өтінішхатын ҚР Жоғары сотында қарау нәтижесінде «Қазақстан Қағазы» АҚ эмитентіне қатысты оңалту рәсімі қайта жаңғыртылды. Осы үдеріс барысында эмитенттің Қор алдында 219 млн теңгеге берешегі өтелді. Қор «Атамекен-Агро» АҚ эмитенті бойынша сот арқылы 1,6 млрд теңге көлеміндегі берешекті өндіріп алу шарасын жүргізді. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірген сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін өтелген берешектердің жалпы сомасы 19,3 млрд теңгені құрады. Қордың проблемалық активтерді қайтару бойынша жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Кеңес мүшелері өз кезегінде Қордың салымшылармен арадағы сапалы және ұтқырлы жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар электрондық қызметтерді пайдаланушылар санының артқандығы атап өтілді (Қор қызметтерінің 80 пайызы электрондық форматта көрсетіледі), сондай-ақ «БЖЗҚ» АҚ сайтын қарап шығу саны артты (25 млн рет қаралды).

Отырыс соңында ұйымдық сауалдар мен Кеңестің алдағы жұмысы бойынша ұсыныстар талқыланды.


Просмотров 3529

Тізімге оралу