Филиалды таңдаңыз:
12.09.2019
2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де БЖЗҚ-ның барлық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді. Тақырып: «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз».
«Ашық есік күні» аясында БЖЗҚ филиалдарының мамандары ерікті зейнетақы жарналары бойынша насихаттау жұмысын жүргізеді.
Қор мамандары өз зейнетақы капиталын қалыптастыру маңызы туралы және ерікті зейнетақы жарналарының келешек зейнетақыға әсері туралы айтып береді.
Ниет білдірушілердің барлығы басты күн тәртібі бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесінің қызметі мен жеке салымдарға қатысты басқа тақырыптар бойынша да жауап ала алады.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді!