"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

17.09.2019

БЖЗҚ шығындарға қатысты ақпаратқа түсініктеме береді

Аудиттелген қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 2018 жылғы әкімшілік шығындары, оған негізгі құрал-жабдықтардың өтемпұлы, орын-жайларды жалға алу, бағдарламалық жасақтамалар, көлік, қауіпсіздік, еңбекақы төлеу, іс-сапар, ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ телекоммуникациялық, пошталық, коммуналдық және басқа да қызметтерге қатысты шығындарды қосқанда 12,2 млрд теңгені құрады. Ал Қордың қаржылық есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес жасалған. Бұл ретте әкімшілік шығындарды қысқарту бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп жатқандығын айта кеткен жөн.

Жаңа ұйымдық құрылымның енгізілуіне байланысты «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің саны соңғы 2 жыл ішінде (2017-2018 жж.) 321 бірлікке немесе 13,9 пайызға, сондай-ақ 2019 жылдың қаңтарынан бері 246 бірлікке немесе 12,4 пайызға қысқарды. Осылайша үш жылға толар толмас уақыт ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің саны 567 бірлікке немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесінше екі жыл ішінде қызметкерлер құрамына қатысты шығын (2017-2018 жж.) 13 пайызға төмендеді.

Банктік қызметтерді төлеу шығындары мен зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару қызметтері бойынша шығындар шамамен 8,2 млрд теңгені құрады. Бұл ретте сенімгер басқарушыға (Ұлттық Банк) берілетін комиссиялық сыйақыға қатысты шығындар 2018 жылы оған дейінгі жылмен салыстырғанда 2,7 есеге азайды. Бұл шешім Қордың зейнетақы активтерінен және инвестициялық табыстан алатын комиссиялық шығындарын тағы да азайтуға септігін тигізді.

Еске саламыз, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қордың комиссиялық сыйақысының шекті шамасы: инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленген.

2019 жылы Қордың комиссиялық сыйақысы инвестициялық табыстың 5,0 пайызын және зейнетақы активтерінің айына 0,015 пайызын құрады.

Атап өту керек, аталған көрсеткіштер 2014 жылдан бері бірнеше рет қысқарды, сөйтіп 2019 жылға қарай инвестициялық табыстың шекті шамасынан 33 пайызға (2014 жылы – 7,5%), ал зейнетақы активтерінің шекті шамасынан 40 пайызға (2014 жылы – 0,025%) қысқарды.

БЖЗҚ-ның қызметі, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқару туралы барлық ақпарат enpf.kz сайтында орналастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында және Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тұрақты түрде баяндалып отырады.


Просмотров 3563

Тізімге оралу